|
Құдыс 2015 жылы мұсылмандардың туристік астанасы деп жарияланды
|
Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) бас хатшысы Ияд Мадани Құдысты 2015 жылы, ал Түркиядағы Кония қаласын 2016 жылы мұсылман туризімінің астанасы деп жариялады. Үстіміздегі жылдың қараша айының 27-і күні Ыстамбұл шаһарында өткен ИЫҰ-ның сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитетінің жиынында сөз алған бас хатшы осы жылдың маусым айында Жакарт қаласында өткен туризм министрлерінің ислам конференциясының төрағасы жетекшілік еткен үйлестіру кеңесінде осындай шешім қабылданғанын еске салып өтті. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірауыздан қолдау білдіргенін де жария етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Солтүстік Корея “студенттік визаны” желеу етіп, жыл сайын еңбек мигранттары арқылы 800 млн долларға дейін пайда тауып отыр
■
Азиядағы ең үлкен шөл даладан жерасты суының мол қоры табылды
■
OpenAI компаниясы жетекшісінің ескертуі: жасанды зерде тарапынан төнетін екі қауіп қандай?
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады