|
Қарулы қақтығыс аймақтарындағы мәдени мұраларды сақтау міндетін Саудия өз мойнына алды
|
Саудия әлемнің әр түкпірінде жүріп атқан қарулы қақтығыс аймақтарындағы мәдени мұралар мен ескерткіштерді сақтаумен айналысатын «Алиф» халықаралық қорына 30 млн доллар бөлетін болды. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның мәдениет министрі Бадр бин Абдулла Фархан Париж қаласында өткен аталсыш қор демеушілерінің алқалы жиынанда осындай мәлімдеме жасады. Аталмыш қорға аударылған қаражат соғыс өрті тұтанған өңірлердегі тарихи маңызы жоғары мәдени құндылықтарды қорғауға жұмсалады. Бұл тарапта демеуші елдер ынтымақтастығының кәсіби мамандарын біріктіретін арнайы желі құрылады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады