PhD доктор, Қайрат Жолдыбайұлы мемлекет басшысымен кездесті
PhD доктор, Қайрат Жолдыбайұлы мемлекет басшысымен кездесті
4 жыл бұрын 5301

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, «Исламтану» кафедрасының аға оқытушысы, «Нұр-Мүбарак» оқу-әдістемелік мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қабылдауында болды - деп nmu.kz сайты хабарлайды. 

Кездесу барысында исламтанушы ғалым Қ.Жолдыбайұлы мектеп қабырғасында балаларымызға жақсы дағдыларды үйретіп, проактив мықты азамат болып қалыптасуы үшін “Тұлғалық даму” пәнін енгізуді ұсынып, қазақ тілінде жазылған төл балалар әдебиетінің тапшылығына зер салып, бұл бағытта мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Одан өзге түркілердің өзіндік исламды түсіну мектебі, Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін тәпсірлеуде толеранттыққа, сыртқы пішіннен гөрі мән мен мақсатқа негізделген төл методологиясы болғандығын айта келе,  осы бағытта терең зерттеулермен  айналысатын арнайы ислам зерттеу институтын құруды және оны тұрақты қаржыландырудың қажеттілігін жеткізді.

Сондай-ақ демографиялық ахуалдың күрделі жағдайына тоқталып,  демографиялық саясатқа кешенді реформа жасаудың қажеттілігін айтты. Бүгінгі таңда елімізде демографиялық өсімге кері әсер етіп отырған ажырасудың көптігінің алдын алу, жастардың баспана мәселесі, әр балаға берілетін алғашқы жөргекпұл мөлшерін көбейту бойынша ұсыныстарға да тоқталды.

Кездесу соңында қоғам қайраткері Қ.Мамбетпаев Мемлекет басшысына авторлық бірнеше діни еңбектерін табыс етті.

 

0 пікір
Мұрағат