Өзін адвокат етіп көрсеткен алаяқ сотты 26 істе ұтып шықты (видео)
Өзін адвокат етіп көрсеткен алаяқ сотты 26 істе ұтып шықты (видео)
6 ай бұрын 1177 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Photo: Kenya Universities Student Organization

Брайн Мбенду Ниаги есімді кениялық азамат өзін өтірік адвокат етіп көрсетіп, сотта қолға алған барлық істе ұтып шыққан. Оның адвокат еместігі әшкере болғанша. Бұл жайынша islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзі кіріскен істердің бірде-бірінде ұтылып көрмеген талантты алаяқ өзін маман қорғаушы ретінде таныстырған. Өзі сотқа қатысқан процестерде қазылардың ешқайсысы оның адкоат атын жамылған алаяқ екенін аңғармаған. Брайн Мбенду Ниагиді өзге адвокаттың есептік жазбасын пайдаланғаны анықталып, әшкере болды. Ол заң жүйесіне еніп, фотосын ауыстырып, былайғы жұрттың сеніміне кірген. Енді талантты алаяқ өзі сотта жауап беруіне тура келді. Десе де заң саласын арнайы оқымаса да оның талантына тәнті болғандар бар, тіпті, аты құпия кениялық магнат өз қалтасынан ақша шығарып, оны кепілдікпен босатып алмақ болып жатыр.

0 пікір
Мұрағат