Мұсылман елі өлімге әкелетін дәріге жауапты құзырлы орындарды сотқа берді
Мұсылман елі өлімге әкелетін дәріге жауапты құзырлы орындарды сотқа берді
1 жыл бұрын 1162 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Индонезияда дәрі-дәрмек сапасына жауапты мемлекеттік мекемелер мен балалар өліміне себеп болған үнділердің фармацевтикалық компаниясын сотқа берген болатын. Қазіргі уақытта бұл іс сотта қарастырылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Jazeera телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы индонезиялық 200-ге жуық бала жөтел сиропын ішкеннен кейін жедел бүйрек жетіспеушілігінен баудай түсіп, көктей солған еді, билік кейінірек балаларға арналған дәрінің құрамында екі улы ингредиент бар екенін анықтады: антифризде және азық-түлік емес өнімдердегі глицеринді арзан алмастырғыш ретінде қолданылатын этиленгликол және диэтиленгликол табылған. Дәл қазір 25 отбасы дәрі-дәрмек айналымын бақылайтын аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі мен қаржы министрлігін, сондай-ақ, сегіз фармацевтикалық компанияны сотқа берді. Шағым түсірген қуынушы талапкерлердің адвокаты шығын үшін 225 мың доллар талап етіп отырғандарын айтады. Аталған іс бойынша 11 тарап жауапкер: денсаулық сақтау министрлігі, қаржы министрлігі, дәрілік заттар мен азық-түлік айналымын бақылау комитеті, сондай-ақ, фармацевтикалық компаниялар мен дәрі-дәрмек жеткізушілері. Өз кезегінде Индонезия билігі елде бірқатар дәрі-дәрмектің сатылуына тыйым салды, бұдан бөлек, дәрі-дәрмек құрамынан қауіпті ингредиенттер табылған бірнеше фармацевтикалық компанияға қарсы сотқа шағым түсіруде. Сөз орайы келгенде былтырғы жылдың соңында Өзбекстанда суық тию белгілеріне арналған үнділік сироп 19 баланың өліміне себеп болғанын айта кетпекіз. Содан кейін препараттың құрамынан этиленгликол табылған болатын.

0 пікір
Мұрағат