Меккеде ең биік аспалы мешіт ашылды (фото)
Меккеде ең биік аспалы мешіт ашылды (фото)
2 ай бұрын 1012 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы қасиетті Меккедегі Қағбаға қарайтын ең биік аспалы намаз бөлмесі – Sky Mussallah (Аспандағы намазхана) ашылғанын жариялап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы iddle East Monitor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал Gulf News дерек көзінің хабарына қарағанда, теңіз деңгейінен 483 метр биіктікте орналасқан және Меккедегі Jabal Omar (Жабал Омар) қонақ үйінің екі мұнарасын байланыстыратын 650 тонналық жаяу жүргіншілер жолының үстіндегі намазхана 520 адамға шақталған, яғни, осынша адам бір мезгілде қатар тұрып құлшылық ете алады. «Аспан көпіріндегі ең биік намазхана» Гиннес рекордтар кітабына енген. Мәліметке сәйкес ғимараттың 36, 37 және 38 қабаттары біріктірілген, осы қабаттардағы намазхана жер бетінен 165 м биіктікте орналасқан. Бұл биіктіктен киелі мекеннің – Меккені тамашалай аласыз. Меккеде әлемдік рекорд орнатқан ғимараттар бұрыннан бар. Биіктігі 601 метр болатын Royal Clock Tower әлемдегі ең биік ғимарат саналады. Оның ұшар шыңындағы жарты ай пішінінде салынған бөлме ішінде әлемдегі ең биік намаз бөлмесі орналасқан және ол жалпы әлемдегі ең жоғары ғибадат орны болып саналады.

İbadethane, otelin ikiz kulelerini birbirine bağlayan bir gökyüzü köprüsünün içinde yer alıyor.

 

0 пікір
Мұрағат