Жануардан адамға жұғатын аурулар күрт артып барады
Жануардан адамға жұғатын аурулар күрт артып барады
2 жыл бұрын 2075 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, Африка құрлығында адамға жануардан жұғатын ауруларға шалдыққандар саны соңғы он жылда 63 пайызға артып кеткен оның алдындағы он жылдық мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ДДСҰ-ның аймақтық директоры Матшидисо Моетидің айтуынша, инфекциялық аурулардың 75 пайыздан астамы адамдардың жабайы немесе үй жануарларымен контактіде болғаннан пайда болған. Салдарынан күллі әлем бойынша бір млрд-қа тарта адам жыл сайын ауырады, бір миллиондай адам қаза табады.

Жұқпалы індет ошағы

ДДСҰ мағлұматы бойынша 2001 жылы Африка құрлығындағы қоғамдық денсаулық сақтау саласында 1843 төтенше жағдай жарияланған. Оның 30 пайызы жұқпалы індетке байланысты, яғни, жануардан адамға жұғатын аурулардың бас көтеруінен орын алған. Соның ішінде Эбола, маймыл шешегі, қанды безгегі, күйдіргі, оба және зақымдалған қан тамырларынан қан жоғалтуды тудыратын басқа да аурулар тіркелген жағдайлардың 70 пайызын құрайды. Ғалымдардың пайымдауынша, жұқпалы аурулардың көбеюіне басқа факторлармен қатар урбанизацияның артуы да өз әсерін тигізуде: қалалық орта жануарлардың тіршілік ортасын тарылтып келеді. Сонымен қатар, бұл тенденция азық-түлікке сұраныстың артуына байланысты болуы мүмкін, бұл шалғай аудандар мен қалалар арасындағы автокөлік, теміржол және әуе қатынасын жылдамдатуға әкеледі. 

0 пікір
Мұрағат