Ислам АҚШ түрмелерінде кеңінен тарайтын дінге айналды
Ислам АҚШ түрмелерінде кеңінен тарайтын дінге айналды
15 күн бұрын 1190 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ислам – Америка құрама штаттарының түрмелерінде кеңінен тарайтын дінге айналған. Жыл сайын АҚШ түрме қабырғаларында он мыңдаған тұтқын исламды қабылдайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CBS агенттігіне жөн сілтеген WION world is one ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

«CBS Mornings» топтамасының соңғы бөлімінде «Лиза Лингпен руханияттың жай-күйі» ("The State of Spirituality with Lisa Ling,") жазасын өтеушілердің неліктен дінге өтетіні зерттелген екен.

«Тайба» қоры АҚШ-та тұтқындарға ислами білім беру бойынша қашықтан оқыту бағдарламасын ұсынған алғашқы ұйым. Рами Нсур - ұйымның құрылтайшы директоры.

Ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Рами Нсур екі күннің бірінде оның пошта жәшігі елдің түкпір-түкпірінен келген тұтқындардың ислами тағлымнан өтуге қатысты нұсқаулықты сұрап жазған хаттарға толып қалатынын хабарлады.

«Біз осыдан 15 жыл бұрын бастаған кезде мұсылман тұтқындарынан естіген негізгі қажеттілік осы болды», - деді Рами Нсур ақпарат агенттігіне. «Осылайша, біз бұл ұйымды осы олқыылықтың орнын толтыру және осы қажеттілікті өтеу үшін құрдық», - деп толықтырды ол сөзін.

Бүгінгі таңда Tayba Foundation 13 000 астам адамға қызмет көрсеткен екен. Рами Нсураның дерегінше, олардың 90%-ға жуығы ислам дінін қабылдаған және олардың көпшілігі темір тордың арғы жағында қабылдаған. Ол, сондай-ақ, АҚШ түрмесінде ислам дінін қабылдайтын адамдар санының артуының негізгі себебін айтты. Тәні де, жаны да қапаста қалған адамдардың рухани еркіндікті діни сенімнен табатынын алға тартты.

 

0 пікір
Мұрағат