Иран мәдени мұрасы бай он елдің қатарына кірді
Иран мәдени мұрасы бай он елдің қатарына кірді
2 жыл бұрын 2324 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (UNESCO) 1979-2021 жылдар аралығында шиғалар елінің 26 мәдени мұрасының ескерткішін тіркеген екен. Осылайша парсы елі UNESCO бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген мәдени ескерткіштері бойынша әлемдегі он елдің қатарына енді. Бұл жайында islam.kz порталы Mehr News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран мәдени салада мұндай жетістікке тек бай мұрасымен ғана емес, өтке ғасырдың жетпісінші жылдары аталған елде орын алған ислам революциясы нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Яғни, мәдениетін әлемге таныту бағытында мемлекеттік бағдарламалар қабылдады, түрлі көрнекі-ағартушылық шаралар өткізді аймақтық және әлемдік деңгейде. Бұл шаралар өз кезегінде Иран туризмін жандандырды. Ислам революциясына дейін ел аумағындағы бірде-бір мәдени ескерткіш UNESCO тізіміне енбеген болатын.

0 пікір
Мұрағат