Интернет теледидарды қолданыстан қашан түпкілікті шығарады
Интернет теледидарды қолданыстан қашан түпкілікті шығарады
6 жыл бұрын 4905 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Теледидар ондаған жылдар бойы адамдар уақытын шығындауда алдыңғы орында тұрды. Ақпарат таратуда. Енді көп ұзамай интернет оны алмастыратын болады. Қазірдің өзінде интернет теледидарды медиа-кеңістікте ығыстырып, жетекші орынға шыққан. Бұл - уақыт еншісіндегі мәселе. Статистикалық дерек бойынша келесі жылы интернет теледидарды бұл аспектіде артқа тастайтын болады. Zenith медиа-агенттігінде жарияланған мәліметке қарағанда, 2019 жылы жер тұрғындарының әрбіреуі орташа есеппен алғанда 170,6 минут уақытын онлайн режимінде өткізеді, ал теледидар алдында 170,3 минутын сарп етеді. Интернет бұдан ерте теледидар орнын басушы еді. Алайда, бұған техникалық себептер мүмкіндік бермеген болатын. Дәлірегі, интернетке қол жеткізе алмай отырғандар қарасы әлі де көп. Алайда, жылдан жылға интернет желісін тарту етек алып келетіндіктен бұл олқылықтың орны тотырылатын болады. Бұдан бөлек, теледидарға қарағанда интернетке жарнама берушілер қарасы артқан: әлемде теледидарға қарағанда, интернетте жарнама беруге 60 млрд доллар жұмсалған. Жалпы есеп бойынша. Келесі жылы медиа тұтынушылардың адамзаттың төрттен бірі мобилді құрылғыны қолай көреді. Ақпарат алуда. Сондай-ақ, сарапшылардың топшылауынша, онлайндағы биылғы 479 минуттық көрсеткіш болашақта күн сайын 486,5-ке артады. 

0 пікір
Мұрағат