Гүлден тәж киген ерлер (фото)
Гүлден тәж киген ерлер (фото)
5 жыл бұрын 3994 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия аумағынан гүлден тәж киген ерлерді кезіктіруге болады. Дәлірегі, Асир провинциясында тұратын Кахтан тайпасының ер-азаматтары мен бозбалалары қалыптасқан көне салт бойынша басына гүлден өріп тәж киеді. Жергілікті ерлердің бұл әдет-ғұрпы өз кезегінде аталған елге туристерді тартады. Араб түбегінің оңтүстігін жайлаған кахтаниттер мәдениеті бай, тарихы тым арыда жатқан ең ежелгі мекен болып табылады. Олар өздерін қасиетті Құранда аты аталған ұлы пайғамбарлардың бірі Ибрагимнің ұлы Исмаилден таратады. Жергілікті халықтың салт-дәстүрін зерттеген батыстық ғалымдар арасында олардың бұл әдет-ғұрпына жете мән бергенТьерри Маугер болды. Оның жазуынша, бозбалалар гүлден тәж киіп, сұлулық байқауын өткізуді әдетке айналдырған. Ақжұпаргүл мен мариголдті бозбалалар таңдаса, орта жастан асқандар насыбайгүлді пайдаланады. Кейбіреулер гүлден өрілген тәжді басынан тастамаса, енбі біреулері мереке мен мейрам күндері киеді. Тағы бір топ бар гүл шоғын тек айрықша жағдайда ғана киетін (мәселен, ауырғанда шипасы болады деп сенеді). Шөптің емдік қасиетіне шүбә келтірмейді. Асир аймағында тұратын кахтаниттердің тарихы мехнатқа толы: “асир” сөзінің өзі араб тілінен аударғанда «қиын, ауыр» деген мағынаны береді. Кахтанит тайпасы османлы әсерінен қашып, осыдан 350-дан аса жыл бұрын қашып-пысып келген еді. Асирдің тік те құлама әрі жалама жартасы мен адам аяғы жете бермейтін шалғайлығын паналап келген еді. 1932 жылы аталған өлке Саудияның құрамына кіреді. Таулы-тасты жерді қалқалаған жергілікті жұрт өзін-өзі басқару үлгісінде XX ғасырдың соңына дейін өзге тайпалармен араласпай оқшау тіршілік кешті. Мәселен, Хабала («арқан» мағынасын береді) шағын елді мекенімен сырттағылар тек арқанмен өрілген сатыға өрмелеп қана байланыса алатын еді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, Саудия билігі аталған тайпа өкілдерін өз қоғамына барынша кіріктіру үшін жол төсеу, т.б. инфрақұрылымдық бірқатар жобаларды қолға ала бастады. Соған қарамастан жергілікті тайпа өкілдері өздеріне тән тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін саф күйінде сақтап қалған. Саудия билігі жергілікті тайпаның бұл ерекшелегін де туристерді тарту үшін пайдалануды көздеп отыр. Жабал-Сауда тасжолының бойында шағын дәмханаларда аталмыш тайпаның басына гүлден тәж киген бозбалалары даяшы болып қызмет етіп жүр. Олардың көру үшін туристер алыстан ат арытып келуге дайын. Туристер мен меймандарға жол көрсететін гидтер де басына гүлден тәж киіп алған.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ flower men of saudi

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ middle eastern arabic men

ÐоÑожее изобÑажение

 

0 пікір
Мұрағат