Ерекше сұлулығы елден кетірді (видео)
Ерекше сұлулығы елден кетірді (видео)
7 жыл бұрын 5301 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Омар Бұрқан әл-Гала – актер, фотограф және шайыр. Оның  Facebook әлеуметтік желісінде 2,5 миллиондай жазылушысы бар. 

Дубай әмірлігінің тумасы мұншалықты атақты болар ма еді, егер бір жағдай орын алмағанда... Тарқатып айтқанда, осыдан бірнеше жыл бұрын, дәлірегі, 2013 жылы Сауд Арабиясында өткен мәдени іс-шара кезінде королдіктің діни полициясы, яғни, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын тәртіп сақшылары жергілікті қыз-келіншектердің сымбатты әрі келбетті жас жігітке сұқтана қарағанын байқап қалады. Аталған ел аумағында тәртіп бұзып, көзге түспесе де қараптан қарап жазықты болған жігітті депортациялайды. Бұған соншалықты қамыға қоймаған Омарды есесіне атақ-даңқ күтіп тұрған еді. Тек сұлулығы үшін елден қуылғаны төрт тарапқа түгел жайылады. Оны киноға түсуге, фотосессияға шақырады. Келісімін берген жас жігіттің аз уақытта атағы аспандап шыға келеді. Бай әйелдер оған, тіпті, қымбат «Мерседес" автокөлігін тарту етті. Десе де Омар өзінің сұлулығына, атағына мастанбай, көп ұзамай үйленіп, перзент сүйеді. "Мен мұсылманмын, мен мінсіз емеспін, ислам мінсіз",- деп жауап берер еді ол өзін жиі мазалайтын тілшілерге. 

0 пікір
Мұрағат