Ерекше ер-тоқым жасалды
Ерекше ер-тоқым жасалды
9 жыл бұрын 5568

Көп ұзамай Швейцарияның Женева қаласында осымен 43-ші рет Халықаралық инновация салоны өтеді. Бұл көрмеде әлемнің 48 елінен 750-ден аса осы заманғы технологиямен жасалған инновациялық бұйымдар жұртшылықтың назарына ұсынылады.  Аталмыш көрме осы саладағы жетістіктерге арналған аса ірі шара болып табылады. Жыл сайын оған әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген ғалымдар мен өнертапқыштар қатысып, өз туындыларын жұртшылықтың назарына ұсынып жатады. Олардың жаңалықтары ғылымның одан ары дамуына серпін беріп, адамзаттың игілігіне пайдаланылып келеді.  Бұл жолы өтетін осынау көрмеде Біріккен Араб Әмірліктерінің Ахмет Майжан есімді тұрғынының көшпендінің ұрпағы болып саналатын халқымызға етене жақын ер-тоқымы қойылады. Ол гироскоппен, компаспен, GPS навигаторымен және салқындату жүйесімен жаабдықталған. Түймесін бассаңыз, ақылды иесіне қоңырау шалып, қажетті ақпараттарды жеткізеді, яғни, қай жерде тұрғандарын, қозғалыс жылдамдығын, аттың пульсін, т.б. хабарлайды.

0 пікір
Мұрағат