|
Ақтөбеде тағы төрт мешіт салынады
|
Биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі мешіт салу үшін төрт жер телімін бөлген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін жоспардағы төрт мешіттің бірінің іргетасы құйылды. "Ақжар-2" ауылында салынып жатқан мың адамдық мешіттің алғашқы құрылысына облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан қатысты. Жаңа құлшылық орнының құрылысын жеке кәсіпкер Айбек Төлебаев пен жергілікті жамағат жүргізеді. Соңғы жартыжылдықта облыста екі мешіт пайдалануға берілген. Олар Темір ауданының Кеңқияқ ауылы мен Мәртөк ауданында тұрғызылған. Қазіргі таңда облыс бойынша 67 мешіт пен 104 діни қызметкер бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды