ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНЕН (ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ)
ӘЛЕМНІҢ ӘР ТҮКПІРІНЕН (ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ)
10 жыл бұрын 3618

Исламды зерделеуге қадам жасады

Үндістанның Керал штатындағы жоғары білім беру жөніндегі мемлекеттік кеңес Араб ууниверситетін ашатындарын мәлім етті. Алдағы уақытта ашылатын аталмыш жоғарғы оқу орнында араб тілі мен әдебиеті, мәдениеті,, ойлау жүйесі және исслам діні зерделенетін болады. Бұл өз кезегінде Үндістанның араб әлемімен арадағы байланысты нығайтуға септігін тиігзетін болады. Бұған қоса, университет күллі әлемдегі өзге де мұсылман елдерімен ғылыми байланысты жолға қоюға мүдделілік танытып отыр. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда араб елдері жұмысшы күшін импорттап отыр. Ал Үндістан өз кезегінде халықтың көптігіне байланысты әлемдік еңбек нарығында жұмысшы күшін экспорттап отырған аса ірі елдердің бірінен саналады. Мемкеңестің жоспары бойынша аталған университет мұсылман елдерінің жоғарғы оқу орындарымен терең ынтымақтастық орнатады.

 

Түркия бұдан былай ЕО-ға кіруге талпыныс жасамайды

Жуырда Жибути қаласындап ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Еуропалық одаққа кіруге ендігі жерде талпыныс жамайтынын мәлімдеді. Өйткені, Түркия билігі талай жылға созылған ЕО-ға ұмтылысы сәтсіз аяқталған еді. Дәлірегі, ЕО елдері Түркияның осы уақытқа дейін бетін қайтарып келген болатын. Сондай-ақ, ол мәлімдемесінде Түркияның өз даму жолын таңдайтынын жеткізді. Демкоратиялық жүйені желеу етіп келгенімен, шын мәнінде, ЕО тек «христиандар клубы» болып қалғанын да тілге тиек етті.

 

Қытайда интернет пайдаланушылар саны 648 млн адамға жетті

Қытайда 2014 жылдың соңында Ғаламторды пайдаланушылардың саны 648 млн адамға жетті. Бұл осы жылдың маусым айындағы көрсеткіштен 16 млн артық. Бұл жайында nur.kz сайты "Синьхуа" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.Қытайлық ғаламтор желісінің ақпараттық орталығы жетекшісінің орынбасары Цзинь Цзяньның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта "онлайн-экономика" Қытайдың ішкі жалпы өнімінің 7% құрайды, өткен жылы оның үлесі 3,3% болған. "Ғаламтор пайдаланушыларының 70% виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәселесі алаңдатады, соның ішінде жеке мәліметтердің таралуы", - деді ол "Бэйцзин жибао" газетіне берген сұхбатында. Қытайлық ғаламторды пайдаланушылар тауарды ғаламтор арқылы сатып алуды жөн санайды. Осылайша, 2014 жылдың алғашқы 10 айында онлайн-сатылым 331 млрд. юаньды құрады, бұл 2013 жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 55,6% артық.

 

Үш күн үзіліссіз ойыннан көз жұмды

Тайванның Гаосюн қаласының 32 жастағы тұрғыны (әдеп бойынша аты-жөні айтылмаған – ред.) үш күн қатарынан күні-түні компьютерлік ойынның қызығына беріліп, зорығып өлді. Бастапқыда интернет кафенің қызметкерлері оған мән бермеген. Өйткені, интернет кафеде ұзақ уақыт отырғандардың компьютердің алдында көз шырымын алып алатыны бар. Интернет кафе қызметкерлері де солай жорып, оны мазаламайды. Алайда, оның ұзақ уақыт қимылсыз қалғанынан күдіктенген жанындағы азамат түрткенде де оянбаған. Дереу жедел жәрдем шақырғанымен оны аман алып қалу мүмкін болмады.

 

Жапония Азиядағы ислами қаржы орталығына айналуды көздейді

Ислам қаржысының француз-америка альянсының директоры Камилла Пальдидің ойынша, Жапонияның  әлемдегі ең ірі ислам қаржысы орталығына айналу мүмкіндігі мол. Бұған күншығыс елінің экономикалық әлеуеті толық жетеді. Әрі Жапонияның Азия құрлығында алдына түсетін ел жоқ екенін де қаперге алған. Десе де, Жапонияға Парсы шығанағындағы елдердің ислами қаржы нарығында  бәсекелес бола алатын қабілеті жоғары. Жапонияның ислам қаржысына деген қызығушылығы 2005 жылдан бері пайда болды. Естеріңізге сала кетейік, бұрын хабарлағанымыздай, самурайлар елі Ислами қаржылай қызмет көрсету жөніндегі кеңестің (IFSB) құрамында және Малайзияның халықаралық ислами қаржы орталығымен ынтымақтастық орнатқан.

 

Көктемде мұсылмандардың әлеуметтік желісі ашылады

Әлеуметтік медианың мұсылмандарға ықпалының артуына байланысты осы көктемде «MuslimFace» бұқаралық ақпарат құралы платформасының ислами әлеуметтік желісі ашылады. Аталмыш әлеуметтік желінің құрылтайшысы Шоаб Фади бұл желінің халықаралық жоба болып табылатынын айта келіп, мұсылмандардың наным-сенімі бөлек ғаламтор пайдаланушылармен тілдесудің жаңа мүмкіндіктерін тудырады. Аталмыш желінің артықшылығы сонда: онда діни құндылықтар ескеріліп, адамның ар-намысына тиетін немесе теріс тәрбиені насихаттайтын материалдар жарияланбайды. Оны бірнеше тілде, атап айтқанда, ағылшын, араб, парсы, урду, түрік және индонезия тілдерінде пайдалануға болады. Кейін өзге де тілдерде «сөйлету» мүмкіндігі қарастырылады.

 

Пенжаб штатының бас имамы қандай пәтуа шығарды?

Үндістанның Пенжаб штатының бас имамы Хабиб-ур-Рехман Сани Людхиянви Францияда өндірілген тауарларға байкот жариялауға үндейтін пәтуа шығарды. Ол өткен жұма уағызында сатиралық Charlie Hebdo басылымының шектен шыққанын айыптай келе мұны аяқсыз қалдырмау керектігіне тоқталды. Бұл жайында Times of India ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, шаһи имам Ислам ынтымақтастық ұйымынан мұсылман елдерінде Франция елшіліктерін жабуды талап етті.

 

Аты жаман аурумен сырқаттанған әйелдерге арзан несие беріледі

Малавиде ғасыр дертіне айналған аты жаман аурулар (ВИЧ; СПИД) өршіп тұр. Әсіресе, аталған сырқаттарға шалдыққандар арасында әйелдер қарасы көп екені айтылғанымен олардың нақты саны туралы мәлімет жоқ. Африка құрлығының оңтүстік бөлігінде орын тепкен осы елде әйелдердің дені сауатсыздық кесірінен әрі күнкөріс үшін арпалысып жүріп, әлгіндей дерт жамап алған. Осыған байланысты Mai Aisha Trust деп аталатын арнайы жобаны қолған алған қайырымдылық ұйымының директорыӘбдіәзіз Ясин оларға арзан несие берілетінін жеткізді. Малави зайыр мемлекеттік болғанымен ислам діні христиандықтан екінші орында тұр. 16 млн тұрғыны бар Малави халқының 36 пайызын мұсылмандар құрайды.

 

Мұсылман әйелі полицияны неге сотқа берді?

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Дирборн қаласының Маляк Казан есімді 27 жастағы тұрғыны көлік жүргізу құжатының жарамсыздығына байланысты полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Оны тәртіп сақшылары фотосуретін мәліметтер базасына енгізу үшін мәжбүрлеп, бөгде еркектердің алдында шариғат шәлісін шештірген. Бұл жайында UPI ақпарат көзі хабар таратты. Ол шені бар полицияда қызмет ететін әйелді шақыруда талап еткенімен оның бұл талабына заң өкілдері құлақ аспады.

0 пікір
Мұрағат