Әлемдік уақыттан бір секундты алып тастауы мүмкін
|

Ресей ғалымдарының пайымдауынша, Жер планетасының айналу жылдамдығының артуына байланысты әлемдік уақыттан бір секундты алып тастауы ықтимал. Шамамен 2027 жылы. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш агенттік өкілімен сұхбат барысында мұндай мүмкіндікті Бүкіл ресейлік физикалық-техникалық және радиотехникалық өлшеулер ғылыми-зерттеу институтының (ВНИИФТРИ) бас директоры Сергей Донченко қарастырды. Білікті маман, сондай-ақ, уақыттан секундты алу немесе қосу ешқандай техникалық қиындық тудырамайтынын атап өтті. Осы орайда жердің айналу жылдамдығының бірде артып, бірде баяулауы қалыпты жағдайға айналғанын және мұндай құбылысқа түрл фактор әсер ететінін айта кетпекпіз. Соның ішінде жер қойнауындағы түрлі процестер (техтоникалық, физикалық, т.б.) мен жаһандық жылыну секілді факторлар әсер етеді. Соның ішінде климат дағдарысының тереңдеуінен, дәлірегі, мұздақтардың еруінен әлемдік мұхит деңгейі көтеріліп, жердің айнауы жылдамдығына әсерін тигізетін болады.




