|
Әлемдегі ең көне кітапхана жөндеуден өтіп жатыр
|
Мароккода әлемдегі тарихы тым тереңде жатқан ең көне кітапхана жөндеуден өтіп жатыр. Фес қаласының тарихи бөлігінде орналасқан әл-Карауин университетіндегі кітапхана осыдан 12 ғасыр бұрын салынған екен және 10-шы ғасырға дейін мешіт ретінде пайдаланылған. Қазіргі уақытта аталған кітапхана қорында әлемдік әдебиеттің жарты миллионға жуығы сақталған. Осынау баға жетпес асыл қазынаның игілігін көретін күн де алыс емес. Бір қызығы, шетелдік азаматтарға бұл кітапхана тек 1940-шы жылы ғана есігін ашқан. Оларға бөлек кіретін есік жасалған. Өйткені, кітапханаға тек мешіт арқылы кіру мүмкін болған. Қолжазбалар бөлімі жұртшылыққа бірінші рет ашылады. Кітапхананың ашылу салтанатына Марокко королі Мұхаммед VI өзі келіп қатысады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады