|
Өзбектстан президентінің қызы абақтыға жабылуы мүмкін
|
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримова АҚШ абақтысына жабылуы мүмкін. Гүлнәр Каримова мен оның жанында жүргендерге қарсы АҚШ-тың әділет министрлігі шағым түсірді. Бұл жайында "Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған құзырлы орын қызметкерлерінің айтуынша, Өзбекстан президентінің қызы қаржылық қылмысқа қатысқан. Ішінара айтқанда, АҚШ билігі одан Швейцария банктеріндегі үш шотта жатқан 555 млн долларды қайтаруды талап етіп отыр. АҚШ әділет министрлігі шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, аса күрделі қаржылық операциялар мен сыбайлас жемқорлық арқылы ұрланған қаржы Гүлнәр Каримованың шотына түскен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді