Әлемде ең тұңғыш триллионер кім болуы мүмкін?
Әлемде ең тұңғыш триллионер кім болуы мүмкін?
7 жыл бұрын 5024 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Microsoft негізін қалаған Билл Гейтстің дәулеті қазіргі уақытта 84,4 миллиард долларды құрайды. Ол әлемде тұңғыш триллиардер атануы мүмікн. Егер оның байлығы осы қарқынмен еселене берсе. Әрине, оған ширек ғасыр уақыт кетеді екен. Ол кезде Билдің жасы 86-ға келеді. Бұл жайында "99 пайызға арналған экономика" деп аталатын есепте айтылған. Ал бұл есепті кедейшілікпен күрес жөніндегі халықаралық Oxfam ұйымдар бірлестігі жасаған болатын. Аталған ұйымның сарапшылары соңғы он жылда әлемнің бай адамдарының дәулеті кемімей, керісінше өсу үстінде екенін қаперге алған. Oxfam мамандарының келтірген дерегіне қарағанда, 2009 жылы әлем бойынша 793 миллиардердің бар байлығы 2,4 триллионды құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш бес триллионға жеткен. Яғни, олардың дәулеті жыл сайын 11 пайызға артып отырған. Бұл жайында "Вести.ру" порталы "Комсомольская правда" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сондай-ақ, Oxfam ұйымы әлемде байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздік пен алшықтықтың рекордтық деңгейге жеткенін мәлім етіп, дабыл қаққан болатын. 

0 пікір
Мұрағат