Зағиптың көру қабілетін қалпына келтіретін имплант жасалды
Зағиптың көру қабілетін қалпына келтіретін имплант жасалды
1 ай бұрын 466 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Линкёпинг университетінің ғалымдары зағип адамдардың көру қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін коллаген имплантын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көздің қасаң қабығының дистрофиясының немесе эрозиясының салдарынан әлемде жыл сайын миллионнан астам адам көру қабілетінен айырылады. Ал оны адам донорының қасаң қабығын трансплантациялау арқылы қалпына келтіруге болады, алайда, мұндай операцияны жасату кез келген адамның қолынан келе бермейді, дәлірегі, қымбат тұратындықтан «қалтасы көтере» бермейді. Білікті мамандар мұндай импанттың арзанға түсетінін әрі ұзақ уақытқа жарайтынын және аталған технологияның арнайы мамандандырылған жабдықты қажет етпейтінін алға тартып отыр. Бұл тарапта Мехрдад Рафат есімді ғалым әріптестерімен тек байларға ғана емес, сонымен қатар, жағдайы төмен зағип жандарға да арналған имплантты жасауға бар күш-жігерін жұмсаған. Көздің мүйізді қабығы негізінен коллаген ақуызынан тұратыны белгілі. Адамның қасаң қабығына балама жасау үшін зерттеушілер жануар терісінен алынған коллаген молекулаларын пайдаланды. Соңғысы медициналық қолданудың барлық стандарттарына сәйкес тазартылған және өңделген. Бұл бағыттағы сынақ трансплантологияға қол жеткізу оңай болғандықтан аталмыш имплантқа ие болу мүмкіндігі төмен Иран мен Үндістан аумағында жүргізілген екен. Тәжірибе нәтижесінде 20 науқастың көру қабілеті қалпына келген.

0 пікір
Мұрағат