Вирустың судағы күйі (видео)
Вирустың судағы күйі (видео)
2 ай бұрын 1378 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің ғалымдары адам организмін «кеміретін» вирустың сұйықтық ортада өзін қалай ұстайтынын көрсететін ролик дайындапты. Аталмыш жоғарғы оқу орнының Деб Келли бастаған ғалымдары вирусты жан-жақты зерделеу үшін үш өлшемді кеңістікте еркін қозғалу жағдайында осынау микроорганизмнің өзін қалай ұстайтынын қадалаған екен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Phys.org ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Деб Келлидің айтуынша, мұндай визуализация әдісі өз кезегінде вирустармен күресте екпенің зақымдалған жасушамен қалай өзара әрекетке баратынын түсінуге мүмкіндік бермек. Осы мақсатта сұйықтық ортада адам организмін кеміретін вирустың өз-өзін қалай ұстайтынын нақты уақыт аралығында көрсететін видеоролик әзірледі. «Міндет организмдегі биологиялық материалдың нағыз шынайы сипатын танытатын динамикалық жүйеде қарастыруға саяды. Біздің нәтижеміз SARS-CoV-2 вирусын тарататын респираторлық тамшы секілді көлемдегі титтей сұйықтық мқлшерінде кездесетін адам вирусының жаңа құрылымын көрсетеді»,- деп тарқатып түсіндіріп берді Деб Келли. Ғалымның айтуынша, криогенді электронды микроскопия атомдық деңгейде бөлшектерді зерттеу эталонына айнала алады. Соның ішінде бұл тәсіл тәжірибе жүргізілген прототипті қатырып, оны электронды сәулемен бомбалауды ұйғарады. Электрондар мен компоненттер өзара әрекеттеседі, оны аспапқа бекітілген датчик тіркеп отырады. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеуінде жасуша құрылымына тікелей дәріні еткізуде пайдаланылатын биологиялық нанобөлшектерді білдіретін  аденоассоциирленген вирустарды пайдаланған. «AAV — жасушаға дәріні жеткізумен әрі COVID-19 вирусына қарсы екпені әзірлеумен байланысты гендік терапияның белгілі құралы. Бұл моделді жүйе жақсы зерделенген, сол себепті де біз тәсілімізді адам организіміндегі биологиялық нысанның сұйықтықтағы күйін зерделеу мақсатында тексеріп көруге пайдаланамыз»,- деп түсіндірді Деб Келли. Ғалымдар AAV-ты қамтыған шағын сұйықтықты кремния нитридінен жасалған мамандандырылған микрочиптің лункасына орналастырып көрген екен. Содан соң оны вирусты зерттеу үшін электронды микроскоптағы микрочипке орналастырған. Мамандар мұндай жүйенің тиімді жұмыс істейтініне көз жеткізген соң олар SARS-CoV-2 короновирусына қарсы иммундық жүйе істеп шығаратын антидене әрекетіне назар аударған.

 

0 пікір
Мұрағат