Вирустың пайда болуына қатысты гипотеза
Вирустың пайда болуына қатысты гипотеза
4 жыл бұрын 3799 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әлі күнге дейін алдымен вирус па, әлде жасуша ма, қайсысының пайда болғанын білмейді. Бұл жайында islamkz порталының ғылыми-танымдық материалынан біле аласыздар. Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтар таспасынан жарық көрген «Вируста сана бар ма?» (сілтемелері: https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-14375/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14386/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14398/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14403/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14406/#gsc.tab=0) ғылыми  танымдық мақаламызда айтып өткеніміздей, вирустар не тірі емес, не өлі емес, жан мен заттың арасындағы организм. Олардың шығу тегі мен эволюциясы да жасушалы организмге қарағанда әлдеқайда түсінікті келетіні несі?! Мәселінің мәнісі сонда – вирус ақуыз қабықшасындағы ДНҚ немесе РНҚ гендерінің фрагменттері ретінде алға шығады. Палеонтологиялық жылнамаларда вирус туралы дерек жоқ, тек бертін келе, осы заманңы медицина мен технологияның арқасында белгілі болған вирустарға қатысты мәліметтер мен оның гендері жөніндегі мағлұматтарды қанағат тұтуға тура келеді. Биологтер олардың арасындағы ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын  салыстыра отырып, түрлі вирустың арасындағы эволюциялық байланысты тапқанымен вирустар айрықша әр алуан әрі құбылмалы болып келетінін айта кету керек. Сол себепті, олар туралы қандай да бір нақты тұжырым жасау қиындық тудырады. Бұл тұста олардың гені ДНҚ тізбегі (біздікі секілді, мәселен, герпесвирус), сонымен қатар, РНҚ-ның туыс молекуласы (тәжді тажалдағы секілді) сияқты болып келетінін еске алсақ та жетіп жатыр. Вирустың ДНҚ/РНҚ молекулалары, бәлкім, бірыңғай немесе бөлшектерге сегменттелген болуы да, я болмаса сызықты (аденовирустар) және сақиналы (полиомвирустар), бір тізбекті (анелловирустар), екі тізбекті (бакуловирустар) де бола беретіндігінен шығар. Олардың әр алуандығы мен құбылмалылығының сыры, осыдан іздеу керек шығар. Бұдан бөлек, вирус бөлшектерінің құрылымы да, олардың ғұмырлық кезеңдері де, өзге де қасиеттері де әр алуан болып келеді. Осы аталған күрделі сипаттарының арасынан ғалымдар қалай жол тауып, вирустар туралы тиянақты ақпарат бергенін осы мақаланың соңғы жағынан оқи аласыздар. Әзірге мынаны айта аламыз: вирустарға ортақ нәрсе: олар – паразиттер. Олай дейтініміз, ғылымға өздігінен, өз бетінше, яғни, иесінің жасушасындағы биохимиялық тетіктерді пайдаланбай метаболизмді (зат алмасуды) жүргізе алатын бірде-бір вирус белгілі емес. Бірде-бір вируста ақуызды синтездеуге көмектесетін рибосома (рибосома туралы ақпаратты төменде келтірілген Уикипедия электронды анықтамадан біле аласыздар) жоқ. Бірде-бір вируста АТФ (АТФ туралы ақпаратты төменде келтірілген Уикипедия электронды анықтамадан біле аласыздар) молекуласы түрінде энергия істеп шығаратын жүйе жоқ. Осындай сипатына байланысты вирустар жасуша ішіндегі паразитке айналады. Қорыта айтқанда, олар өздігінен, өз бетінше тіршілік ете алмайды. Осындай ерекшеліктерді ескерген ғалымдар бұрыннан бар гипотезадан әлі алыс кете алмады: алдымен жасуша пайда болды, содан кейін барып, осы жасушадан вирус әлемі қанат жайды.

(жалғасы бар)

Уикипедия электронды анықтамадан:

 

Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.

АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант – рибоза болады. Азотты негізі – аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-да фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үшфосфат» аталған.

АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланысқа мүмкіндік жасайды. Ол молекуладан «үзілген» кезде энергия бөлінеді.Сонымен бірге бөлінген энергия тірілік үдерістеріне - бұлшықет жиырылуына , зат синтездеу немесе жүйке серпінділігіне пайдаланылады. Егер жасушада энергия (құнарлы заттардың ыдырау үдерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты оңай қалпына келтірудің қайтымды үдерісі жүреді.

АТФ – ағзалардың бүкіл пайдалы энергиясы іс жүзінде сол арқылы «өтетін» зат. Бүкіл тіршілік үдерістері негізіне жататын химиялық реакциялардың жасушада жүзеге асуына жылу, механикалық, өзге де ешқандай энергия түрі пайдаланылмайды. АТФ-ны «жасушалардың энергетикалық нарқы» деп жиі айтатыны сондықтан болса керек. Заттар ыдырау арқылы энергиясын АТФ синтезіне береді. Осыған қатарласа ағзамен және жарғақша арқылы биосинтездің, өсудің, бұлшықет жиырылуының, жүйке серпілісінің заттар тасымалдауды және өзге де көптеген тіршілік үдерістері жүреді. Осы үдерістердің барлығына тек АТФ-ның ыдырау энергиясы ғана шығындалады. АТФ-ның бір молекуласы тәулігіне 2-ден 3 мың рет ыдырап, қосыла алады.

[1]

0 пікір
Мұрағат