Вирус иммундық жүйені қалай алдайды немесе вирустың мимикрия стратегиясы
Вирус иммундық жүйені қалай алдайды немесе вирустың мимикрия стратегиясы
4 жыл бұрын 3511 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Кейінгі кезде ғалымдар вируста сана бар ма деген сауалдың жауабын іздеуге көшкен. Ғалымдардың мұндай сауалдың жауабын іздеуге вирустың «айлакерлік» әрекеттері түрткі болып отыр. Десе де бұл өз алдына бөлек тақырып болғандықтан кейін кеңінен тарқатып жазатын боламыз. Әзірге вирустың организмді алдау үшін мимикрия (еліктеу, дәлірегі, иммундық ақуыздарға ұқсас кейіпке енуі) әдісін қолданатыны белгілі болып отыр. Вирустың бұл өзгешелігі бірыңғайда жануарлар мен өсімдіктердің қандай да бір қауіп төнсе жауынан қорғану үшін немесе олжасын, яғни, жемтігін қолға түсіру үшін түр-тұрпаты мен терісінң түсін өзгерту арқылы бүркемелену (маскировка) әдісіне ұқсайды. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде жұқпалы індетке себеп болып отырған тәжді тажал вирусы адам ақуызын имитациялай алатын болып шықты. Вирустың бұл қабілеті өз кезегінде барлық өмірлік кезеңдерінде оған аман қалуға мүмкіндік беретін болып шықты. Егер вирустың мимикрияны қалай қолданатыны анықталса, онда вирустың қалай ауру тудыратыны белгілі болар еді әрі вирустың көзін жоюға болатын тәсіл табылар еді. Колумбия университетінің ғалымдары суперкомпьютердің көмегімен бұл тарапта ауқымды зерттеу жүргізген екен. Олар кейінгі кезде қолданысқа қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кеңінен енгізіле бастаған адамның жүзін тану жүйесіне ұқсас технология көмегімен 7 мыңнан аса түрлі вирусты сканерлеуден өткізген болатын. Нәтижесінде вирустық мимикрияның 6 млн жағдайы тіркелген. Жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнының Вагелос дәрігерлер және хирургтер колледжінің жүйелі биология кафелрасының доценті, PhD Саги Шапирдің айтуынша, мимикрия – вирустар арасында кеңінен тараған стратегия. Бактерияға, өсімдікке, жәндіктерге немесе адамдарға жұғатын түрлеріне, яғни, ген мөлшеріне қарамастан вирустардың барлығы пайдаланады оны. Бір қызығы, бұл айлакерлік тәсілді басқа вирустарға қарағанда тәжді тажал вирусы жиі қолданатын болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат