Ұзақ уақыт тербелетін жіптер жасалды
Ұзақ уақыт тербелетін жіптер жасалды
2 ай бұрын 504 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Richard Norte

Нидерландыдағы Делфт технологиялық университетінің және Америка құрама штаттарының Браун жоғарғы оқу орнының ғалымдары қоршаған орта температурасында бұрын белгілі кез келген қатты затқа қарағанда ұзақ тербелетін наножолдарды (немесе наножеліні, наносымды) жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзақ кәдеге жарайтын наножолдар дірілді аулау және діріл энергиясының шығынын болдырмау үшін арнайы жасалған; мұндай наноқұрылғы әлемдегі ең сезімтал механикалық сенсорларды жасауға қолайлы. Құрылымды оңтайландыру үшін ұдайы прототиптеуді қажет етпейтін сантиметрлік наномеханикалық резонаторларды әзірлеу мақсатында машиналық оқыту алгоритмдері пайдаланылды. AI (жасанды зерде технологиясы) ұзақ жолдардың немесе сымдардың құрылымын нақтылау үшін қысқа жолдармен жүргізілген қарапайым тәжірибе нәтижелерін қолданды, бұл әдіс өз кезегінде әзірлеу процесін кететін шығын мен уақытты үнемдеугі мүмкіндік берген және тиімді еткен. Жіптердің немесе наносымдардың ұзындығы үш сантиметр және қалыңдығы 70 нанометр, дегенмен, ұлғайтқанда олар жарты шақырымға созылатын шыны гитара ішектеріне тең болады. Оларды қысым, температура, үдеу және магнит өрістері сияқты физикалық шамаларды өлшеу үшін миниатюралық (өте шағын) құрылғыларда пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат