Ұшатын микрочип жасалды (видео)
Ұшатын микрочип жасалды (видео)
3 жыл бұрын 1697 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар титтей үш қанаты бар, пішіні тікұшаққа келетін микрочио жасады. Ол желдің бағыты бойынша ұшып, қоршаған ортаға қатысты ақпарат жинайды. Бұл жайында islam.kz порталы news.northwestern.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Технологияның дамуына байланысты электронды құрылғылар барынша күрделі конструкцияға ие болып, кішірейтілуде. Нәтижесінде қолға ұстауға да, кез келген жағдайда пайдалануға да, өзіңмен бірге алып жүруге де қолайлы электроникалар, гаджеттер, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуге арналған жинақы құралдар пайда болуда. Ғалымдар бұл құрылғыны жасауда өзгеше тәсілді қолданды, дәлірегі, ағаштың қалай тұқым тастайнына назар аударған екен – титтей пропеллер желмен бірге тербеліп, жерге ақырын әрі қалықтай қонады. Микроталшық электронды комоненттерден тұрады. Оның тартылыс күші төмен болғандықтын жел әсерімен қалықтайды. Микрочиптің көлденеңнен ұзындығы - 1 мм. Ол әлемдегі ұшатын ең титтей құрылғы ретінде алға шығады. Ол қоршаған ортаны барынша кеңінен қамтуы үшін әрі ақпарат жинауы үшін түрлі датчиктермен жабдықталған. Соның ішінде атмосфераның немен ластанғанын анықтай алады, күннің әсерін де, радиация мөлшерін де қадағалайды.  Датчиктер жерге тасталғаннан кейін олардың қоршаған ортаға еш зияны жоқ – ыдырайтын және улы емес заттардан жасалған.

0 пікір
Мұрағат