Ұрпақтың жынысын қолдан басқару: бірыңғай ұл немесе қыз табатындай етіп генді редакциялау әдісі пайда болды
Ұрпақтың жынысын қолдан басқару: бірыңғай ұл немесе қыз табатындай етіп генді редакциялау әдісі пайда болды
2 жыл бұрын 2275 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Фрэнсис Крик институтының ғалымдары тек бірыңғай нақты бір жыныстағы ұрпақ өрбітуді белгілейтін генді редакциялау технологиясын тәжрибедегі тышқанға пайдаланып көрген екен. Аталмыш технология 100% тиімділігін көрсеткен. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде ауыл шаруашылығындағы ұрғашы мен еркегінің арасындағы саны жағынан сәйкессіздікті жоюға, яғни, мал басын тиімді ұйымдастыруға, жоспарлауға, өсіруге, сондай-ақ, өзге де зертханалық анализ жүргізуде көмегін тигізеді. Дәлірегі, сүт беретін ұрғашы мал басын көбейтуде пайдасы көп жаңалық. Бұл тарапта ізденген ғалымдар ұрықтандырудан кейін ұрықты инактивациялауға арналған, екі бөліктен тұратын генетикалық жүйені пайдаланған екен – тек осылайша өзіңіз қалаған жыныста болуына ықпал ете аласыз. Ұрықты іріктеу генді редакциялаудың CRISPR-Cas9 технологиялысына негізделген: CRISPR-Cas9 тәсілінде екі элемент бар – ДНҚ-ны кесетін Cas9 ферменті (ғалымдарға ДНҚ-ның қалаған аймағын өзгертуге мүмкіндік береді); екіншісі – бағыттаушы РНҚ, ол Cas9 ферментін геномдағы қажетті жерге жеткізеді. Ғалымдар жүйенің бір элементін ұрық өзіне тек ердің немесе әйелдің жынысын мұра етіп алуы үшін әкенің Х немесе Ү хромосомасына орналастырады. Өзге элемент анасының хромосомасына енгізіледі әрі оны барлық ұрық мұра етеді. Ғалымдар бұл тарапта ДНҚ-ны репликациялау (көшіру) және қалпына келтіру үшін қажетті Top1 геніне (аталмыш ген барлық сүтқоректілерде кездеседі) ден қойған еді. Эмбрион әрбіреуі CRISPR-Cas9-дың жартысын қамтитын ұрықтан және аналық жасушадан қалыптасқанда генді редакциялау тәсілі іске қосылады. Ғалымдар тек ұл бала өмірге келуі үшін әкенің Х-ромосомасын редакциялаған болатын, ал ұыз өмірге келуі үшін Ү-хромосомасын редакциялады.

0 пікір
Мұрағат