Ұйқы безі обырының өздігінен жойылуына ықпал ететін тетік табылды
Ұйқы безі обырының өздігінен жойылуына ықпал ететін тетік табылды
23 күн бұрын 332 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ойламан жерден ұйқы безінің қатерлі ісігі жасушаларын өзін-өзі жоюға мәжбүрлей аалатын қосылыстардың жаңа класын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Oncotarget мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Флорида университетінің ғалымдары полиизопренилденген цистениламидтердің ингибиторларын - PCAI қосылыстарын сынақтан өткізді. Оларды ұйқы безі обырын емдеудің көптеген әдістеріне төзімді ететін KRAS-дабылын бұғаттау үшін әзірледі. Ұйқы безі диагнозы қойылған пациенттердің 90% -ында KRAS мутациясы кездескен. NSL-YHJ-2-27 қосылысы бар болғаны 1 мкМ шоғырлануы кезінде қатерлі ісік жасушалары миграциясының 90% -дан астамын бұғаттады, ал бұл әдіс метастаздану (қатерлі ісік жасушаларының таралу) қаупін төмендетеді. Цитоскелеттің бұзылуынан жасушалар пішінін өзгертіп, қозғалу қабілетін жоғалтқан. Күтпеген жағдай болды: PCAI MAPK және PI3K/AKT сигнал жолдарын бұғаттамай, керісінше оларды барынша белсенді режимге көшірген. Алайда, артық ынталандыру әрекеті жасушаны тұрақсыздығын арттырады - оттегінің белсенділік деңгейі күрт артады, бұдан бөлек, BAX проапоптотикалық ақуызы күрт шоғырланған. Нәтижесінде жасуша апоптоз - өзін-өзі жою бағдарламасын іске қосады. Мұндай бірегей тәсілдің әсері қатерлі ісіктің үш өлшемді сфероидты үлгілерінде расталды: қосылыстар сфероидтарды бұзып, жасушалардың көптеп жойылуына ықпал еткен. Бұл ретте PCAI қолданыстағы дәрілер бағытталған KRASG12C нұсқасында ғана емес, түрлі KRAS мутацияларында жұмыс істейді. Бұл з кезегінде пациенттерді тиімді емдеуге жол ашады. 

0 пікір
Мұрағат