Ұдайы қан доноры болған адамның организімі улы заттардың көп бөлігінен арылады
Ұдайы қан доноры болған адамның организімі улы заттардың көп бөлігінен арылады
2 жыл бұрын 1847 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қан тапсыруды, яғни, қан доноры болуды әдетке айналдырған адам организімі улы заттардың 30%-на дейін арылды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, донорлықты денсаулық профилактикасы десе де болады. Австралиялық ғалымдар бұл тараптағы зерттеуге өз еркіммен қатысқан 285 өрт сөндірушіні зерттей келе осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысушыларды үш  топқа бөлген: бірінші топтағылар бір жыл бойы әр бір жарым сайын қан тапсырған, екінші топтағылар әр үш ай сайын, ал үшінші топтағылар донорлыққа жоламаған. Нәтижесінде бірінші топтағылардың организімі перфторирленген химиялық заттардың (PFAS) үштен бірінен тазарған. Осы орайда бұл химиялық заттар табиғи ортада ыдырап жойылмайтнынын, сол себепті, «мәңгі химикат деп аталады. PFAS – 4,7 мың жасанды синтезделген заттар тобы екенін айта кетпекпіз. Олардың ішіндегі ең танымалы - тефлон. Әдетте «мәңгі химикаттарды» киім мен кілем бояуына, тағам орайтын қаптамаларына, жалтырататын опа-далапқа, су әрі кір жұқтырмайтын асүй ыдыс-аяғына пайдаланады. Адам организіміне тап болған PFAS-тың қатерлі ісікке шалдықтыратын қаупі жоғары. Шараналардың жүрек ақауына, бауыр ауруына, қалқанша безінің дертіне, гормондар қызметінің бұзылуына апарып соқтырады.

0 пікір
Мұрағат