Түкіріктен электр энергиясын алудың жолы табылды
Түкіріктен электр энергиясын алудың жолы табылды
4 жыл бұрын 2527 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Электр энергиясы қай жерде болмасын қажет. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials Technologies  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, адам аяғы баса бармейтін алыс аймақтарда да адам электр энергиясына мұқтаж. Кейде электр энергиясына қол жеткізу үшін мыңдаған шақырым жырақта жатқан шалғай өңірлерге желі тартып жатады. Бұл көп уақытты әрі шығынды қажет етеді. Одан гөрі жүрген жеріңізде электр энергиясын алудың жолын тапқан қолайлы. Бұған қоса, электр энергиясын өндіру үшін гидроэлектр стансаларын салу, т.б. алып қондырғылардан қоршаған ортаға келетін экологиялық зиянын айтпаса да түсінікті. Соңғы уақытта трендке айналған арзан әрі қолайлы электр энергиясын өндірудің инновациялық әдіс-тәсілдер бұл тараптағы ізденісті арттырып, түрлі жетістіктерге бастап отыр. Сондай шешімдердің біріне отын элементтерін жатқызуға болады. Бұл құрылғы электрді химиялық реакция энергиясы есебінен өндіреді. Қандай да бір зат реакция барысында өзге затқа айналып жатады – бұл аралықтағы процесс кезінде энергия бөлінеді. Мұндай реакцияларда микроорганизмдерді пайдалану қолайлы. Микробтардың көмегімен бүгінде қоқыс өңделетінін, дәрі-дәрмек алынатынын, т.б. білесіздер. Бингемтон университетінің Маедех Мохаммадифар (Maedeh Mohammadifar) және Сокхын Чхве (Seokheun Choi) есімді ғалымдары тура мағынасында қағаздан микробты отын элементін жасай алды. Ондағы бактерия құрғақ күйінде белсенділік танытпайды, ал адам түкірігі тиген кезде электр өндіре бастайды. Сұйықтыққа тап болғанда химиялық реакция басталып, бактериялар электрондарды бір электродтан екіншісіне «көшіреді» - нәтижесінде заряд жиналады. Қағаз парағына 16 микробты отын элементін бекіткен ғалымдар қуаты әр шаршы сантиметріне бірнеше микроватқа жететін энергия алды. Осының өзі светодиодты электрмен қоректендіруге жеткілікті.

0 пікір
Мұрағат