Тіс импланты бактериядан қорғап, энергия өндіреді
Тіс импланты бактериядан қорғап, энергия өндіреді
3 жыл бұрын 1476 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар нанобөлшектер көмегімен адамды бактериядан қорғайтын әрі  табиғи жолмен электр энергиясын өндіретін «ақылды», яғни, интеллектуалды тіс имплантын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы күнгі дәстүрлі, яғни, дерт шалған тісті емдеуде қолданылып жүрген тіс имплантының жарамдылық мерзімі 20 жылға шақталған, алайда, қызылиек қабынса 5-10 жылдан соң істен шығып қалады, оны жаңасына ауыстырып, қайта салдыруға тура келеді, яғни, осындай әуресімен қатар бағасы да қымбат. Ғалымдар бұл проблеманы осы заманғы ақылды тіс импланты есебінен шешуді көздеп отыр. Бұл тарапта екі технология қолданылады: біріншісі – адамды бактериядан қорғайтын нанометериал; екіншісі – ауыздың табиғи қозғалысынан, мәселен, асты шайнағанда немесе тісті жуғанда қуатталатын, фототерапияға арналған жарық көзі. Ғалымдар бұл бағытта бария титанатын таңдаған екен – ол конденсаторлар мен транзисторларда кездесетін пьезоэлектрлі өзгешелікке ие. Оның әлеуеті мен мүмкіндігін тексеру үшін ғалымдар бария титанатының нанобөлшектері кіріктірілген дискіні тістің қорғаныш қабатына жататын (ол бүлінсе, тісті құрт жейді) бактериялық биопленканың негізгі компоненті болып табылатын Streptococcus mutans-ты қаптап көреді. Нәтижесі оң шыққан әрі материалдың энергиялық ерекшелігі сақталған. Аталмыш материал механикалық тұрғыдан да беріктік танытқан. Бұдан бөлек, ол қызылиек тінін зақымдамаған.

0 пікір
Мұрағат