Терапияның жаңа түрі сал болып қалғандарды аяғынан тұрғызуы мүмкін
Терапияның жаңа түрі сал болып қалғандарды аяғынан тұрғызуы мүмкін
2 жыл бұрын 2674 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Солтүстік-батыс университетінің биологтері сал ауруын және жүйке жүйесінің жарақатын емдеудің тың тәсілін тапты. Аталмыш тәсіл тышқанға жасалған тәжірибе барысында өз тиімділігін танытты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл емдік тәсілдің тек сал болып қалған науқастарға ғана емес, сонымен қатар, нейродегенеративті аурулардың зардап шегетіндерге көмектесетініне үміт артып отыр. Кеміргішке «скаффолд» — пептидтің екі тізбегінен тұратын ақуыз каркасын енгізіп көреді. Пептидтер өз кезегінде ұйқыны биологиялық тұрғыдан реттеуге, тәбетті, иммундық жүйені, т.б. процестерді реттеуге атсалысады. Аталған зат организмге тап болғаннан кейін құрылымы жағынан омыртқа маңындағы тінге ұқсас наноталшықтардан желі қалыптастырады. Содан соң дәрідегі бұл молекула жасуша рецепторымен байланысады. Сал ауруы әдетте жұлын зақымдалғанда немесе жүйке жүйесі зақым алғанда орын алады. Оны емдеудегі ең басты қиындық сонда – жұлын да, ми да өздігінен қалпына келе алмайды. Жасуша рецепторымен қосылған соң молекула өздігінен регенерация (қалпына келу) процесін тудыратын екі сигналды жөнелтеді. Оның бірі аксон арқылы жіберіледі – ол жасушадан миға дейін жүйке импулсін қалыптастырады. Осылайша жасушаға емделуге бұйрық береді. Екінші сигнал жасушаның белсенді бөлінуіне әкеледі. Осының арқасында тіннің қалпына келуіне қажетті қан тамырлары қалпына келеді. Ғалымдар бұл бағыттағы тәжірибені көп ұзамай адамдарға жүргізіп көреді. Биологтердің пікірінше, терапияның жаңа түрі инсульт алып, миына зақым келгендерге де көмектесуі тиіс. Паркинсон және Альцгеймер секілді нейродегенеративті ауруларды да емдеп жазуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат