Тәжді тажалдың осал жері белгілі болды
Тәжді тажалдың осал жері белгілі болды
4 жыл бұрын 3265 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Даниялық ғалымдар күллі әлемнің тынысын тарылтқан тәжді тажал вирусының осал тұсын тапты. Осынау жұқпалы індеттің бой бермейтін «қулық-сұмдығы» бірыңғайда герпес (ұшық) вирусына қатты ұқсайды. Иммунитетті айналып өтіп, түрлі ағзаларды зақымдайды. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу барысында белгілі болғандай, органимзге қатер төнгенде пайда болатын жасушадағы STING ақуызын басып тастайды. Вирус аталмыш пайдалы ақуызды бұғаттап тастайды, бұл аралықта аурудың дамуы бәсеңдейді. Иммунитет осыған «алданып қалады – яғни, қатердің кері шегінгені деп «ұғып», белсенділігін жоғалтады. Тәжді тажал осыны пайдаланып, дереу бас көтереді. Ендігі жерде ғалымдар аталмыш ақуыздың бұғатталып қалуына жол бермейтін тетікті іздестіріп жатыр. Осылайша вирустың өсіп-өнуінің алдын алмақшы. Егер аталмыш ақуыздың бұғатталу схемасын таба алса, ондай жағдайда мамандар вирусты жоюдың тиімді тәсіліне ие болады. Бұл жайында Today News Ufa ақпарат көзі хабарлады.

0 пікір
Мұрағат