Генетикалық штрих-код саусақ ізін алмастырып, қылмыстық жазадан құтылып кетуге жол бермейді
Генетикалық штрих-код саусақ ізін алмастырып, қылмыстық жазадан құтылып кетуге жол бермейді
4 жыл бұрын 3742 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аталмыш жоба авторлары – Дьюка университетінің және Тандон инженерия мектебінің ғалымдары. Олардың бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі IEEE Transactions мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар ұсынған жүйенің қандай артықшылықтары бар? ДНК-дактилоскопияның көмегімен алынған саусақ ізін бөгде адамның саусақ ізімен алмастыруға, яғни, қылмыс орнынан алынған жерден зертханаға жеткенше «айғақты өзгертуге» мүмкіндік бермейді.  ДНК-дактилоскопия — бұл шағын генетикалық материалға негізделген нақты бір адамның жеке басын, организімін немесе ауруын сәйкестендіру (идентификация) әдісі. ДНК-ның шамамен 99,9%-ы бір-біріне туыс емес адамдардікінде бірдей болып келеді. Тек айрықшаланатын шамамен 3 млн жұбы ғана болады. Осынау әлеуетті сәйкестендіруші деректер жиынтығында ДНК тізбектілігінің кейбір қысқа сегменттері өзгелеріне қарағанда жиі кездеседі, ол бөгде біреудікіне қарағанда құрамы жағынан айрықшаланады. Адам генін тұтас секвенирлеудің (ДНК-ның аминдік қышқылдылығын немесе  нуклеотидтік тізбектілігін анықтау) орнына ғалымдар сәйкестендіру үшін бірнеше қысқа тізбекті іріктеп алуы мүмкін. ДНК дактилоскопия әдісі (полимераздық тізбекті реакция) кезінде оқуға оңай болуы үшін генетикалық тізбектілігін бірнеше мәрте қайталайды. Нулеиндік қышқылдың нақты комбинациясына сүйене отырып, генетикалық үлгілерді олардың қайнар көзімен салыстырылатын болады. Бұл арада адамдарды бір-бірінен айрықшалайтын ДНК-ның 13 сайты турасында сөз болып отыр. Ғалымдар бұл жолы ДНК-дактилоскопиялық үлгінің жаңа жүйесін жасады. Ол деректер базасын бұзып кіргенде саусақ ізі иесінің мәліметін жасырады, екіншіден, қылмыс орын алған жерден алынған саусақ ізін зертханаға жеткенше өзге біреудікімен алмастыруға мүмкіндік бермейді.

0 пікір
Мұрағат