Су тапшылығының алдын алудың өзгеше тәсілі
Су тапшылығының алдын алудың өзгеше тәсілі
3 жыл бұрын 2100 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Rodrigo Garrido / Reuters

Чилиде желтоқсан айынан бастап ақпанның соңына дейін созылатын құрғақшылықты еңсерудің ерекше әдісі табылды Латынамерикалық климатологтар жауын суын таудың ұшар басындағы жасанды мұздақта сақтауды ұйғарып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Nilus деп аталатын бұл жобаны 2022 жылы жүзеге асыратын болады. Бұл бағытта аталған аймақ тұрғындары су тапшылығын тартпасы үшін 100 млн литр су сыйдыратын су қоймасын жасайды. Суды Чили астанасы Сантьяго қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орын тепкен Кахон-дель-Майпо тау қыратының ұшар басында мұзға айналдыруды көздеп отыр. Nilus обасын қолға алғандардың түсіндіруінше, тау массивінің басындағы түнгі мезгілде ауа температурасы төмен болатындықтан судың мұзға айналу процесі тез жүреді, ал мұз суға қарағанда ұзақ уақытқа сақталады. Яғни, судан буға айналып, ұшып кетпейді. Су тапшылығы сезіле бастағанда немесе құрғақшылық кезеңі келгенде мұзды ерітіп, тұрғындарға жеткізіледі. Сарапшылардың есебінше, мұздатылған сұйықтық 100 мың адамды үш ай бойы сумен қамтамасыз етуге жеткілікті болады.

0 пікір
Мұрағат