Сиыр сүтінен адам инсулинін өндірудің жолы табылды
Сиыр сүтінен адам инсулинін өндірудің жолы табылды
29 күн бұрын 518 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бразилияның оңтүстігіндегі сиыр сүті арқылы адам инсулинін бөліп шығаратын алғашқы трансгенді сиыр ретінде тарихта қалатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Biotechnology Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бразилиялық ғалымдар 10 сиыр ұрыңының жасуша ядроларына инсулиннің белсенді түрінің прекурсоры (Прекурсор (лат. praecursor — бастамашы; жол салушы; негізін қалаушы) — белгілі мақсаттағы зат алу реакциясына қатысатын зат – Wikipedia)  ретінде проинсулинді Проинсулин - ұйқы безіндегі Лангерганс аралдарының (Аралшық без немесе Лангерганс аралшықтары (көне грекше: insuli pancreas; көне грекше: insuli — аралшық, көне грекше: pаn — барлыгы, көне грекше: kreas — ет) — ұйқы безінің гормондар бөлетін ішкі секреция (эндокринді) бөлігі. Аралшық без құрылысы мен қызметі әртүрлі безді жасушалар — инсулощптерден (А, В, D, D , РР) құралған. Аралшықтың орталығында орналасқай В инсулоциттер инсулин гормонын (организмдегі қант алмасуын ретгеуге қатысады, гормон жетіспеген жағдайда қант диабеті ауруы өрбиді), шеткі жағындағы А инсулоциттер глюкагон (инсулинге қарсы әсер етеді) гормондарын бөледі. D инсулоциттер аралшықтардың шеткі жағында орналасқан, сирек кездесетін безді жасушалар. Олардың гормоны А және В инсулоциттердін гормон түзу процесін тежейді. D инсулоциттер тым сирек кездеседі, олардың гормондары қанның қысымын төмендетіп, үйқы безінің сөл бөлу қызметін күшейтеді. РР инсулоциттер гормоны асқазан (қарын) мен үйқы безі сөлінің бөліну белсенділігін арттырады.[1]- kk.wikipedia.org) бета жасушалары шығаратын полипептид, прогормон. Проинсулин инсулин биосинтезі процесінің прекурсоры болып табылады – ред.) кодтайтын адам ДНҚ сегментін енгізді. Олар Бразилияда сиырлардың жатырына имплантацияланды. Бір трансгендік бұзау дүниеге келді. Жаңартылған гендік инженерия технологияларының арқасында адам ДНҚ-сы тек сүт безі тінінде экспрессияға (гендік тізбектерді оқу және ақуыз өнімдеріне аудару процесі) ұшыраған. Cиыр (құнажыннан шығып, дөнежін болған) жасанды жолмен ұрықтандыру процедурасы сәтсіз аяқталғаннан кейін ғалымдар гормондар көмегімен оның алғашқы лактациясын (сүт безінде сүттің қалыптасу процесін) ынталандырып көрді. Нәтижесінде аз мөлшерде сүт пайда болды. Дегенмен, оның құрамынан проинсулин мен инсулин табылды. Инсулин мен проинсулиннің  концентрациясы (шоғырлану деңгейі) сүттің бір литріне шаққанда бірнеше грамм ғана болған еді. Дегенмен, ғалымдар гормоналмен ынталандырмағанда лактация кезінде мұндай заттың қаншалықты мөлшерде өндірілетінін нақты айта алмайды. Болжам бойынша бір сиыр литріне 1 грамм инсулин шығара алады. Ал бір грамнан 28 818 дәрі шығаруға болады. Ғалымдар бұл тарапта сиырды қайта клондауды жоспарлап отыр және келесі төлінің бұдан да көп мөлшерде проинсулин мен инсулин бөліп шығаратын сүт өндіруі үшін күш салады.  Бұған қоса, трансгендік бұқаларды да қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін болады. Осылайша проинсулин мен инсулинді табиғи жолмен көбірек алудың амалын қарастырмақ.

Коровы будут производить инсулин для людей

0 пікір
Мұрағат