Шотланд ғалымдары, тіпті, масканың арғы жағынан еріндерді «оқитын» есту аппаратын ойлап тапты (видео)
Шотланд ғалымдары, тіпті, масканың арғы жағынан еріндерді «оқитын» есту аппаратын ойлап тапты (видео)
2 жыл бұрын 1991 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Глазго университетінің инженерлері әңгімелесушінің бетіндегі маска арқылы да сөздерді оқитын есту аппаратын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Study Finds ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл үшін жасанды зерде технологиясы қолданылады – радар ерін қимылын сканерлеуден өткізіп, ерін қимылының қандай дыбысқа тән екенін анықтайды. Аталмыш аппараттың маскасыз, яғни, ашық еріннен оқу дәлдігі - 95%, жабық, яғни, масканың арғы жағынан оқу дәлдігі - 83%-ды құраған. Бұл құрылғы дыбысты күшейтудің дәстүрлі технологиясын да пайдаланады. Аппарат-сканер адамдарға қалыпты жағдайда да, шулы ортада да жақсы естуге көмектеседі. Десе де сарапшылардың пікірінше, мұндай технология жасырын бақылау камерасын пайдалану секілді арам мақсатта пайдаланылуы мүмкін, мәселен, аңдудағы адамның не дегенін білу үшін. Бұл технологияның адамның жеке өміріне қол сұғатын қатерін жоққа шығармайды. Осы орайда адамзаттың шамамен 5%-ның (430 млн адам) есту қабілеті бұзылғанын айта кетпекпіз. Бұл есту аппараты олардың толыққанды өмір сүру сапасын жақсарту бағытында елеулі инновациялық қадам болмақ.

0 пікір
Мұрағат