Шәуеттің ерекше қабілеті белгілі болды
Шәуеттің ерекше қабілеті белгілі болды
1 жыл бұрын 1580 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сперматозоидтер жеке-дара емес немесе жалғыз-жарым емес, үйірімен жүзу арқылы қынап пен жатырдың қою шырышты қабатын еңсере алады. Осылайша аналық жасушаға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Cell and Development Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Солтүстік Каролина ауылшаруашылық және техникалық мемлекеттік университетінің биологтары бұл бағытта тәжірибе жүргізе келе топтасқан сперматозоидтердің тігінен жүзу арқылы ағынға қарсы тұрып, еңсеретініне көз жеткізген. Сперматозоидтер арасында өзгелерді артынан ертіп, жол бастайтын «көсем» немесе жетекші болмайды. Сперматозоидтар қозғалысы аз және сұйықтығы қою емес фаллопиялық (жатыр) түтіктерге жеткенде топтан бөлініп, бөлек жүзеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл тараптағы зерттеу нәтижесі бедеулік диагностикасы мен ем-дом шарасында көмектеседі.

Ұқсас материалдар:

«Ұрық қозғалысының Ньютон заңына бағынбайтыны анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uryq-qozgalysynyn-nyuton-zanyna-bagynbaityny-anyqtaldy-19465/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-qozgalu-syry-ashyldy-15672/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің таңғажайып «биі»: белсіздікпен күрестің тың тәсілі пайда болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-tangajaiyp-bii-belsizdikpen-kurestin-tyn-tasili-paida-boluy-mumkin-video-13948/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар жеңімпаз сперматозидті қалай анықтау керектігін үйренді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jenimpaz-spermatozidti-qalai-anyqtau-kerektigin-uirendi-14489/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат