|
Шағын робот шикі жұмыртқаға ота жасады (видео)
|
Бейжіңдегі емханалардың бірінде жұмыс істейтін Лиу Жун есімді дәрігер Синдао қаласындағы шикі жұмыртқаға қашықтан тәжірибе ретінде ота жасады. Бұл жайында islam.kz порталы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігер хирург, шағын роботты 5G технологиясы арқылы басқарған. Ол жұмыртқаның жұқа әрі нәзік мембранасын зақымдамай қабығын аршып алды, артынан тігісін жүргізген, яғни, ота жасалған жерді тіккен. Операция бір жарым сағатқа созылды. Аталмыш технология медицина саласын автоматтандыруды жаңа белеске көтереді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды