|
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
|
Нейрожелі технологиясы уақыт озған сайын жетілдіріліп, көптеген артықшылықтарға ие болып келеді. Десе де жасанды зердеге тән бір ерекшелік болашақта адамзаттың “бас ауруына” айналуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Осы заманғы AI жүйелері барған сайын күрделі міндеттерді орындауға дағдыланып, түрлі қитұрқылық пен айла-шарғыны меңгеріп келеді, алайда, бұл процесс жасанды зерденің адам ойлау қабілетіне жақындағанын білдірмейді. Питер Дэннинг есімді сарапшының пікірінше, нейротораптардың іргелі шектеулері бар, ал мұндай шектеулер үлкен қауіп-қатер көзі болуы мүмкін. Ғалым өзінің қорытындысын Turing's Mistake: Escaping the Yoke of Unintelligent Machines кітабында баяндаған екен. Америкалық сарапшының пікірінше, адам ойының басты ерекшеліктерінің бірі - көрінбейтін немесе жасырын білім. Ол өмір бойы жеке тәжірибенің арқасында қалыптасады және адамға көптеген шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай білімді нақты нұсқаулықтар немесе ережелер түрінде тұжырымдау қиын. Адам қоршаған әлемді тек алынған ақпараттың ғана емес, сонымен қатар, санн алуан сезімнің, әлеуметтік өзара іс-қимылының және жинақталған тәжірибесінің арқасында түсінеді. Ғалым өз зерттеуінде бірнеше аса маңызды аспектілерді бөліп көрсетеді. Олардың арасында нақты дағдылар мен физикалыұ әлем туралы түсінік, интуиция, шығармашылық қиялы, күрделі қарым-қатынас, сондай-ақ, мәдени және әлеуметтік ортаны түсіне алатын сана. Қазіргі заманғы нейротораптар, керісінше, дерек қорынан табылған үлкен көлемдегі ақпараттармен және заңдылықтармен жұмыс істейді. Бұл оларға мәтіндер жасауға, ақпаратты талдауға және түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, алайда, адамның өмірлік тәжірибесін бермейді. Бұл айырмашылық, әсіресе, қарым-қатынас кезінде байқалады. Бір ғана сөз немесе сөйлем сол сәттегі жағдайға, алдыңғы әңгіме ауанына, мәдени танымға, әзіл астарына, сарказмға немесе сұхбаттасушының ниетіне байланысты мүлдем әртүрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Адам көптеген осындай факторларды бір мезгілде ескеруге қабілетті, көбінесе ол туралы ойламайды да. Жасанды зерде үшін мұндай контексті толыққанды түсіну анағұрлым күрделі міндет болып қала береді.
Басты қауіп - басқада...
Автордың пікірінше, қоғамның назары жасанды зерденің күндер күні “адамға қарағанда ақылды болады” дейтін болжамға ауған. Оның пікірінше, адамзатқа төнетін қауіп басқ тарапта: қуатты компьютерлік жүйелер адам құндылықтарын, ниеттері мен жағдайларын түсінуде шектеулі болып қала отырып, барған сайын көп мүмкіндіктер ала алады. Мұндай жағдайда қандай да бір тығырық немесе дағдарыс машинаның «тым ақылды» болуынан туындамайды. Керісінше, жүйе ақпаратты тез өңдеп, қойылған міндетті тиімді орындай алады, алайда, жағдайды дұрыс түсіндірмейді немесе адам үшін маңызды салдарды ескермейді. Ал жасанды зерденің мұндай шектеуі немесе кемшілігі - технолонияның қарымы адам қабілетінен асып түседі деген негізсіз болжамды жоққы шығарады әрі Аі технологиясының бәрібір адам деңгейіне жете алмайтынын көрсетіп береді.