Саналы түрде түс көрудің әдісі табылды
Саналы түрде түс көрудің әдісі табылды
3 жыл бұрын 2709 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cаналы түс көрудің таңғажайып жері өмірдегі шындыққа көп ұқсас келетіндігінде жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы journals.plos.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта талай адам тәжірибе жасап көргенімен олардың талпынысы сәтсіз аяқталатын. Десе де бұл бағытта ғалымдар да ізденіп, өз тұжырымдарын жасауда.  University of Wisconsin–Madison (АҚШ) және Гавайдағы Сәуегейлік институтының ғалымдары 2018 жылы саналы түрде түс көрудегі ацетилхолинэстераз ингибиторының (AChEls)  рөлін зерделеген екен. Ацетилхолин нейротрансмиттері адамның тез ұйықтауына ықпал етеді, яғни, жылдам ұйықтау моделін қалыптастырады, ал AChEls ацетилхолинді инактивациялайтын ацетилхолинэстеразаны тежеу ​​арқылы оның мида жиналуына көмектеседі. Ең қызығы, Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастың есте сақтау қабілетін уақытша болса да қалпына келтіруге арналған әрі кеңінен тараған, "галантамин» деп аталатын дәрі – тез әсер ететін AChEI. Ғалымдар тәжіриеге өз еркімен қатысқан 121 адамға саналы түс көруіне әрі саналы түрде көрген түсін есте сақтауына аталған дәрінің әсерін бағамдап көрген екен. Осы орайда тәжірибеге қатысқандардың жай адамдар емес, санаы түрде түс көруді өз бетінше зерттеп келген, яғни, бұл тақырыпқа әуес және MILD практикасының арнайы курсынан өткен адамдар болғанын айта кетпекпіз. Олар 3 түн қатарынан галантаминнің біртіндеп арттырылған дозаларын қабылдады - плацебо, содан кейін 4 мг, содан кейін 8 мг. Әр 4,5 сағаттан кейін оянып, МИЛД техникасын орындап, дәріні тағы ішіп, ұйқыға бас қойған еді. Бұл тараптағы нұсқаулықтар комбинациясын жадыға арналған дәрімен ұштастырса, саналы түрде түс көруге қол жеткізуге болатыны анықталды. Аталмыш дәрінің мөлшері артқан сайын оның әсері артып, эффектісі күшейген. Дәлірегі, плацебо қабылдағандардың 14 %-ы, дәрінің 4 мг-мын қабылдағандардың 27 %-ы, дәрінің 8 мг-мын қабылдағандардың 42 %-ы анық та айқын түс көрген. Нәтижесінде тәжірибеге қатысқан 121 адамның 69-ы, яғни, 57%-ы екі түнде кем дегенде бір мәрте саналы түс көрген. Дегенмен ғалымдар бұл тәсілдің, яғни, аталған дәрінің күшімен саналы түс көрудің адам денсаулығына тигізер әсері әлі зерттелмегенін алға тартып, бұл әдісті өз бетіңше қолданбауды ескертіп отыр.

Ұқсас материалдар: 

«Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-tanym-sanaly-turde-tus-korudin-tetigi-tabyldy-15860/#gsc.tab=0);

«Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/biznes-oz-onimderin-adamnyn-tusinde-jarnamalagysy-keledi-15387/#gsc.tab=0);

«Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tus-bolashaqtyn-habarshysy-jana-gipoteza-15388/#gsc.tab=0);

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат