Роботтарға өз денесін өрмекші секілді тоқуға мүмкіндік беретін технология пайда болды (2 видео)
Роботтарға өз денесін өрмекші секілді тоқуға мүмкіндік беретін технология пайда болды (2 видео)
1 ай бұрын 1211 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Кескін: Marie Vihmar et al., npj Robotics

Эстониядағы Тарту университетінің технологиялық институтының зерттеушілері қажеттілігіне қарай уақытша конструкциялар жасай алатын роботтандырылған құрылғылардың тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы npj Robotics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өрмек тоқитын өрмекшілер сияқты жаңа робот жылытылған полимерлік ерітіндіні шашыратуға қабілетті, ол суығанда берік, икемді талшықтарға айналады, осылайша қажетті құралды қалыптастырады, дәлірегі, көпір, тұтқа және басқа да қажетті конструкцияны «тоқиды». Әуел бастан нақты пішін мен конструкцияға ие роботтардан айырмашылығы – мұндай робот тек керек кезінде қажетті компонентті қалыптастырады. Робот сұйық полимерді қыздырылған шүмек арқылы шашады. Полимердің сууына, яғни, суығанына қарай кез келген заттың немесе бұйымның беткі жағына бекітуге келетін берік жіптерді қалыптастырады.Бұл бағыттағы тәжірибелерде ғалымдар роботтың шағын нысандардың салмағына төзімді көпірлер жасай отырып, жасанды қоқыс алаңы арқылы қалай жол сала алатынын көрсетті. Тәжірибе түрлі заттың немесе бұйымның беткі жағында соның ішінде өткір шыны сынықтары мен құс қауырсыны сияқты жұмсақ материалдарда жүргізілді. Біз сөз етіп отырған мұндай ерекше әрі бірегей технология төтенше жағдайларда қолданылады, мәселен, роботтар қоқыс пен кедергілер арасында қауіпсіз «жолдар» жасай алатын апат аймақтарында іздестіру-құтқару операцияларында қолданыла алады. Бұдан басқа, уақытша конструкцияларды тұрғызу үшін құрылыста пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат