Қытай шексіз атуға болатын әскери лазер технологиясына қол жеткізді
Қытай шексіз атуға болатын әскери лазер технологиясына қол жеткізді
11 ай бұрын 950 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың «South China Morning Post» дерек көзі лазерлік технологияда серпіліс тудыратын жетістік орын алғанын жеткізді, дәлірегі, қытай мамандары әскери лазерге арналған салқындату жүйесін ойлап тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер бұл ақпарат рас болса, қытайлар қуатты әрі қаһарлы қаруға қол жеткізе алды. Салқындату жүйесі лазерді тәжірибе қондырғысынан нақты әрі тиімді қаруға айналдырады – бұл жайт лазермен жау нысанын толық істен шыққанша атуға мүмкіндік бермек. Лазерлік қарудың қызып кетуі оны қару ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді - радиациялық қуатқа байланысты, оның азаюы лазерді қару ретінде жарамсыз етеді. Ал қуат неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп жылу пайда болады да қондырғының жеке құрамдастарын сол сәтте істен шығарады. Қытай инженерлері газды пайдаланатын лазерлік салқындату жүйесін іске қосты. Бұл жүйе қондырғы температурасын қолайлы мәндер ауқымында ұстауға мүмкіндік береді, ал бұл жайт өз кезегінде бірнеше секундтан ұзақ уақыт бойы жарық шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе зениттік зымырандарға балама ретінде пайдаланылуы мүмкін, мәселен, төмен орбитадағы спутниктерді жою үшін. Бұл технология әлемнің көптеген елдерінің әскерилері үшін маңызды - спутниктік жүйелер қазіргі заманғы ұрыс даласында барлау мен коммуникацияның негізгі құралына айналған.

0 пікір
Мұрағат