Құлшылық кезіндегі мидағы өзгерістер – жаңа зерттеу (фото)
Құлшылық кезіндегі мидағы өзгерістер – жаңа зерттеу (фото)
2 жыл бұрын 1745 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Томсон Джефферсон университетінің ауруханасы мен медициналық колледжінің жанындағы Мирна Бринд интегративті медициналық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Эндрю Ньюберг ондаған жылдар бойы діни әрі рухани ттәжірибенің невротикалық әсерін зерделеген болатын. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу нәтижесі жарияланған The Huffington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құлшылықтың миға әсерін зерттеу үшін ол намаз кезінде адамға қауіпсіз раддиоактивті бояуды енгізеді. Мидың түрлі аймақтары белсенділік режиміне көшеді, бұл контраст осындай белсенділік деңгейі жоғары аймаққа ауысады. Нәтижесінде намаз кезінде мидың абстрактілі ойлауға жауапты маңдай тұсының белсенділігі жоғары болатыны белгілі болды. Бұл аймақ нақты бір тапсырманы шешуге назар аударған кезде белсенді жұмыс істейді. Бұл феноменді фотодан байқай аласыздар:

Мозг

Сонымен қатар, Эндрю Ньюберг атеисттердің медитациясын немесе «Құдай туралы ойлануын» бақылап отырып, олардан діндар адамдарда байқалған мидың маңдай бөлігіндегі белсенділігін көрмеді. Осындай тәжірибе негізінде ғалымдар барлық діннің неврологиялық тәжірибе тудырады деген тұжырымға келді. Атеистер Құдайды елестете алмайды, дәлірегі, ақылғы сыймайтын, көңілге қонбайтын ұғым ретінде қабылдайды, ал діндар адамдар үшін Құдай мына өмір секілді нақты шындық болып табылады. Ғалымдардың бұл бағыттағы тұжырымы бойынша беріле құлшылық ету өз кезегінде ми жасушаларының өзіндік ерекшелігі бар әрекетін тудырады әрі бұл реакция трансценденттік тылсым тәжірибені ғылыми фактіге – нақты физиологиялық құбылысқа айналдырады.

Мозг

Төмендегі суретте мидың тыныш қалпы мен намаз кезіндегі жай-күйі салыстырыла көрсетілген

Бағдарлауға жауапты париеталды аймақтың (артқы жоғарғы париеталды тұсы) «қызметін тоқтататыны» анықталды. Ғалымдар сол жерде орналасқан нейрондар шоғырын «бағдармен байланысты аймақ» деп атайды, өйткені, бұл аймақтағы нейрондардың негізгі қызметі денені нақты кеңістікте бағдарлауға саяды. Мидың ьұл аймағы қалыпты жағдайда болса, адам өзі мен қоршаған ортаны дәл ажыратып тани алады. Егер аталған ми аймағы пассивті режимге көшсе, адамның мұндай конгнитивті қабілеті төмендеп, өзі мен айналасын ажыратудан қалады. Намаз оқыған адамның миында, міне, осындай құбылыс орын алады. 

0 пікір
Мұрағат