Қорылдау мен Альцгеймер ауруының арасында байланыс бар болып шықты
Қорылдау мен Альцгеймер ауруының арасында байланыс бар болып шықты
1 жыл бұрын 1201 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі ұйқы апноэы (қорылдау) Альцгеймер ауруымен байланысты деген болжамды (гипотезаны) растады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Клиникаға дейінгі моделдер ғалымдарға ұйқының бұзылуы Альцгеймер ауруымен байланысты ми өзгерістерін қалай тудыратынын көрсетуге көмектеседі. Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы ұйқы апноэы мен деменцияның бірнеше түрлері арасындағы тұрақты байланысты анықтады. Осы жылдың басында жарияланған жүйелі шолу бұл корреляцияны растады. Дегенмен, ғалымдарды ұйқыдағы апноэ нейродегенеративті аурулардың дамуына ықпал етеді ме, әлде тыныс алу проблемалары өздігінен ерте симптом болып табылады ма деген сауалдың жауабын таппай, ұзақ уақыт бойы қиналады. Ұйқыдағы обструктивті апноэ синдромы (ҰҰА) – науқаста қорыл, жұтқыншақ деңгейінде жоғарғы тыныс жолдарының мезгіл-мезгіл құлдырауы және тыныс алудың тоқтап қалуы, қанның оттегімен қанығу деңгейі төмендейтін, айқын ауытқулар орын алатын ауру. Мұндай дертке шалдыққан адамның ұйқысының құрылымы, ұзақтығы және тереңдігі бұзылады. Биологтар тышқандардағы ұйқының бұзылуын моделдеу әдісін ойлап тапты. Мақсат - ұйқыдағы апноэдың негізгі ерекшеліктерін қайталау және оның жүрек-қан тамырлары аурулары немесе қант диабеті сияқты басқа ілеспелі диагноздар болмаған кезде миға әсерін зерттеу. Анықталғандай, гипоксия нейрондардың бірдей селективті дегенерациясын тудырады, бұл деменцияға да тән. Нәтижесінде ғалымдар ұйқыдағы апноэ Альцгеймер ауруының дамуына ықпал ететін қауіпті фактор деген қорытындыға келіп отыр. Ғалымдар ұйқыдағы апноэды белсенді жолмен емдеудің адамның деменцияның даму қаупін қаншалықты азайта алатынын да талқылады. Емдеудің ең көп тараған әдісі - CPAP аппаратын қолдану (ағылшын тілінен. Constant Positive Airway Pressure, CPAP). Бұл өкпені жасанды желдету режимін қамтамасыз ететін және ұйқы кезінде гипоксияны болдырмайтын құрылғы. Ғалымдар тәжірибе жүзінде түрде гипоксияның алдын алды. Нәтижесінде бұл когнитивті ауытқулар мен нейрондық өлімді тоқтатты, сонымен қатар, Альцгеймер патологиясын азайтты. «Бұл обструктивті ұйқы апноэына арналған CPAP терапиясы деменцияның даму қаупін азайтуы мүмкін», - деп тұжырымдады зерттеушілер.

0 пікір
Мұрағат