Қауіпті вирус сирек кездесетін қатерлі ісіктің түрін тудырады
Қауіпті вирус сирек кездесетін қатерлі ісіктің түрін тудырады
2 жыл бұрын 1846 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық ғалымдар тобы HTLV-1 вирусының лейкемияны (ақ қан ауруы) тудыратынын көрсететін картаны жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Journal of Clinical Investigation мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. HTLV-1 —адамның бойындағы Т-лимфотропты вирус. Ол кейде адамда лимфоидты және гемопоэтикалық тіндердің қатерлі ісіктерін тудырады, мысалы, Т-жасушалық лейкоз және Т-жасушалық лимфома. Лондонның империялық колледжінің және Жапониядағы Кумамото университетінің ғалымдары зерттеу барысында бір жасушалы анализді пайдаланған – оның Т-жасушасын қатерлі ісікке қалай айналдыратынын, дәлірегі, осындай кеселген ұрындыратындай етіп, Т-жасушасын қалай белсендіретінін көру үшін. Т-жасушалық лейкоз және Т-жасушалық лимфома HTLV-1 жұқтырған адамдардың шамамен 5% -ында дамитын өте сирек кездесетін ісік, алайда, алғашқы жұқтырған сәттен бірнеше ондаған жылдардан соң көрініс беретін, яғни, анық білінетін қауіпті дерт. Вирус өзінндік ерекшелігі бар жолмен Т-жасушасына жұғады әрі оны лейкозды жасушаларға трансформациялайды. Десе де оның трансформациялау уақытындағы кідіріс бұл процестің қалай жүретінін түсінуге мүмкіндік бере бермейді. HTLV-1 Т-жасушасының бір түріне еніп, онда «ұйқы» жағдайында болады. Мұндай вирус жұқтырғандардың шамамен 5%-да ондаған жылдан кейін оянып, Т-жасушасының қызметіне әсерін тигізеді. Ғалымдар бұл тарапта 87 мыңнан аса Т-жасушасын зерттеген болатын – Т-жасушаларын вирусты тасымалдаушы сау адамнан да, лимфомасы (лимфома – адамның иммундық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын лимфатикалық жүйесінде дамитын қатерлі ісік түрі) бар науқастардан да алынды. Ғалымдар Т-жасушасы мен вирустың өзара қалай әрекеттесетінін білу үшін олардың РНҚ-сын секвенирлеп (жалпақ тілмен айтқанда РНҚ «құрамын» тексеріп) көрген еді. Нәтижесінде лимфомо өршіген науқастардың Т-жасушаларының белсенділігі жоғары болған әрі шектен тыс реактивті болғаны анықталды. Олар ақуыздарды көптеп шығарып, жасушалардың көбеюіне, тіндердің ұлғаюына (түсінікті тілмен айтқанда, «қабынуды» тудырған) ықпал еткен. Бұл процесс иммундық жүйеден «қашуына» көмектескен. Т-жасушалы лимфома түрлі жылдамдықпен өршуі мүмкін, осыған байланысты қатерлі ісік бұл түрін емдеуге арналған стандартты ем-дом жоқ. Емдеуден  ремиссия (бәсеңдегенімен) болған күннің өзінде рецидив (қатерлі ісіктің қайта оянып, бас көтеруі) қатері жоғары болады. HTLV-1 вирустық инфекциясы бар адамдардың аз ғана пайызында Т-жасушалық лейкоз бен лимфома өршігенімен, күллі әлемде аталмыш вирустың 5 миллионнан 10 миллионға дейінгі тасымалдаушысы бар екені айтылып жүр. Кейбір аймақтарда ол эндемикалық (Эндемиялық ауру - белгілі бір халықта немесе аймақта әрқашан кездесетін ауру - kk.approby.com дерек көзінен) ауру ретінде алға шығады, мәселен, Жапонияда мұндай вирус жұқтырғандар қарасы 1 млн-дай болады. Сол себепті де вирустың Т-жасушасын қатерлі ісік дамығанда организмге «айдап салатын» қатерін есте сақтаудың маңызы зор.

0 пікір
Мұрағат