Қатты пластикті ірітетін бактерия табылды
Қатты пластикті ірітетін бактерия табылды
2 жыл бұрын 979 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары, дәлірегі, Нара ғылым әне технология институтының (Nara Institute of Science and Technology) мамандары пластмассаны ыдыратып, биологиялық тұрғыдан іритін экологиялық пластик істеп шығаратын бактерияны тапты. Бұл жайында islam.kz порталы күншығыс елінің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Ideonella sakaiensis бактериясы турасында сөз болып отыр. Оны полиэтилентерефталатта өсіруге болады, ал ол өз кезегінде поли-три-гидроксибутират істеп шығарады. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Сосуке Йошиданың айтуынша, қоршаған ортаға ең зиянды саналатын пластикті – полиэтилентерефталатты ыдырата алатын ферменттерге ие. Ideonella sakaiensis бактериясы полиэтилентерефталатты биологиялық тұрғыдан ыдырайтын поли (3-гидроксибутират) (PHB), тип поли (гидроксиалканоатного) (PHA) пластикке айналдырады. Ғалымның сөзіне қарағанда, бұл жаңалық өз кезегінде екі проблеманы шешуге мүмкіндік береді:  мұнай күйіндегі пластиктің ең қатты түрін ыдыратады әрі биологиялық пластикті істеп шығарады.

0 пікір
Мұрағат