Қатерлі ісікті паразитпен емдеу тәсілі табылды. Қатерлі ісікті қорғайтын қабықшаны бұза алатын бактерия жасалды
Қатерлі ісікті паразитпен емдеу тәсілі табылды. Қатерлі ісікті қорғайтын қабықшаны бұза алатын бактерия жасалды
3 жыл бұрын 1961 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, аталмыш әдіс простата обырын (қуық асты безінің қабынуы) және көптеген балалар ісігін емдеуде тиімді. Қытайдағы нинбо жоғарғы оқу орны мен Шанси ауыл шаруашылық университетінің ғалымдары қатерлі ісікті емдеудің тың тәсілін ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal for ImmunoTherapy Cancer мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдарының мәлімдеуінше, токсоплазма паразиті қатерлі ісіктің бетін қайтаруға көмектеседі. Адам органзіміндегі жасушалардағы паразиттер иммундық жүйеге қарсы тұру үшін ақуыздарды көптеп бөледі немесе істеп шығарады. Сол себепті, паразиттерді өсіп-өне алмайтындай етіп мутациялаудың маңызы зор. Содан соң оны иммундық жауапты тудырмайтын қатерлі ісік жасушаларына енгізіп көрген. Алдымен қабыну процесі жүрген, содан соң организм иммундық реакция танытқан. Нәтижесінде қатерлі ісіктің дамуы тежелген. Бұл бағыттағы тәжірибе зертханадағы тышқандарға жүргізілген. 

Қатерлі ісікті қорғайтын қабықшаны бұза алатын бактерия жасалды

АҚШ-тағы Цинциннати университетінің ғалымдары қатерлі ісікке еніп, іштен ірітетін пробиотик жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Healthcare Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта америкалық ғалымдар өзге бактерияларға қарағанда адамға зияны жоқ әрі адам организімін E-Coli патологиялық штамдарынан қорғайтын Nissle ішек таяқшасының штамын түрлендірді (модификациялады). Жаңа технологияның арқасында аталмыш бактерияның сыртқы қабықшасында протеин мен энзим кездесетін көбіршіктер қалыптасады. Ол қатерлі ісіктің жасушадан тыс матриксін бұза алады. Бактерия қабықшадан өте отырып, қатерлі ісіктің ішінде энзимді еткізе алады. Қатерлі ісіктің жасушадан тыс матриксі коллаген мен гиалурондық қышқылдан тұрады. Осыдан антидене мен иммундық жасушалар қатерлі ісіктің ішіне өте алмайды. Бұл қорғаныс түрі әдетте қатты ісіктерге тән болып келеді. Негізінде ол қатты қабықпен қоршалған тығыз ұлпа түрінде болады. Кистикалық ісіктерден айырмашылығы – оны емдеу қиын әрі қауіпті. Жаңа бактерия оттегі жетіспейтін иммун тапшылығы бар тіндерде өмір сүруге бейімделген. Дәл осы сипат қатерлі ісіктерге тән. 

0 пікір
Мұрағат