Он жылға жетер-жетпес уақытта обырдан өлгендер саны 10 млн-ға жеткен
Он жылға жетер-жетпес уақытта обырдан өлгендер саны 10 млн-ға жеткен
2 жыл бұрын 1144 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар 2010-2019 жылдар аралығында онкологиялық ауруларға шалдыққандар қарасының 23 млн-ға жеткенін әрі осы аз уақыт ішінде қатерлі ісіктен бақилық болғандар саны 10 млн-ға жеткенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of the American Medical Association мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы статистикалық дерек бойынша 2010-шы жылдардың бас кезінде түрлі қатерлі ісікке шалдыққандар қарасы 8,7 млн-нан аспаған еді, ал онкологиялық патологиядан көз жұмғандардың ұзын саны 8,19 млн адамды құраған болатын. Таяуда Вашингтон университетінің медицина мектебіне қарасты десаулық көрсеткіші және бағалау институты ғалымдары тарапынан арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жыл өткен сайын онкологиялық жағдай қауіпті сипат келеді. Олар мұндай тұжырымға аса беделді JAMA Oncology медициналық мерзімді басылымында жарияланған мәліметтер негізінде келіп отыр. Дегенмен жаһандық көрсеткіш стандарты бойынша онкологиялық аурудан өлгендер қарасы1,1%-ға, ал аталған ауруға шалдығу деңгейі 5,9%-ға төмендеген. Зерттеуу барысында ғалымдар әлемнің 204 еліндегі онкологиялық аурулардың өсу тенденциясын бағалаған болатын. Белгілі болғандай, 2019 жылы қатерлі ісіктен өлу көрсеткіші әлем бойынша аурулар мен жарақаттардың 22 тобы арасында тек жүрек-қан тамыр ауруларынан өлгендер санынан кейін тұр. Бұл зерттеуде, сондай-ақ, кеңінен тараған қатерлі ісік түрлері де белгілі болды: тыныс жолдары мен өкпе, сүт безі, бауыр, қылтамақ, ішек обыры, т.б. Осының ішінде өкпе қатерлі ісігі әлемнің 27 елінде әйелдер арасында, 119 елінде ерлер арасында кеңінен тараған.

0 пікір
Мұрағат