Қатерлі ісіктен емдейтін гел жасалды
Қатерлі ісіктен емдейтін гел жасалды
1 жыл бұрын 1041 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлем ғалымдары қатерлі ісік ауруын емдеудің тың жолдарын іздеуде. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда үнділік және америкалық мамандар тобы радиоактивті йод-131 атомдары бар ақуыз гелін жасады. Оны ұйқы безінің қатерлі ісігімен күресу үшін қолдануға болады. Ғалымдар зертханалық кеміргіштерге арнайы тәжірибе жүргізіп, қолданып көрген екен, нәтижесінде олардың 80%-да қатерлі ісік жоғалып кеткен. Жаңа әдістің химиотерапия мен сәулелік терапия элементтерін біріктіретіні, соған қарамастан сау тіндер үшін онша қауіпті емес екені атап өтілді. Гел қатерлі ісікке тікелей енгізілді. Ол тұрақсыз йод-131 ядроларының ыдырауынан кейін пайда болған бета-сәулеленумен жойылды. Ол гамма-сәулелері сияқты терең енбеді, сондықтан дәрігерлер нүктелік (нақты) әсерге қол жеткізе алды. Процедурадан кейін гел денеден оңай шығарылды. Бұл тараптағы зерттеудің атсалысқан ғалымдардың бірі Ашутош Шилкоти бұл құрал жиырма жыл ішінде жасай алған қатерлі ісік терапиясының ең перспективалы (келешегі зор) түрі екенін атап өтті. Жаңа құрал ұйқы безінің қатерлі ісігі бар науқастардың ғұмырын ұзартуы мүмкін. Ал мамандар оны клиникалық қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат