Қартаюдың 4 түрі бары белгілі болды
Қартаюдың 4 түрі бары белгілі болды
5 жыл бұрын 12070 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетіне қарасты медицина мектебінің ғалымдары адам организімі қартаюының 4 түрі барын анықтады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі туралы Nature Medicine ақпарат көзі хабар таратты. Тәжірибеге 34-68 жас аралығындағылардан 40-тан аса адам өз еркімен қатысқан. Ғылыми ізденіс барысында көз жеткізілгендей, қартаю процесі белгілі бір биологиялық жолдармен жүзеге асады: метаболилік, иммундық, бүйректен немесе нефрологиялық (бүйрек қызметімен байланысты). Метаболилік жолмен қартаюға бейім адамдардың сусамыр кеселіне шалдығу қатері жоғары. Жасы ұлғайған сайын қан құрамында қанттың мөлшері артады. Ал иммундық қартаю типіндегі адамдарда қабыну түрлерінің деңгейі жоғары болады әрі иммундық ауруларға жиі шалдығады. Ғалымдар тәжірибеге қатысқандардың белгілі бір микробтары мен биологиялық молекулаларының (ақуыз, метаболит және липид) деңгейін тіркеп отырған әрі белгілі бір уақыт аралығында қалай өзгеретінін де қадағалаған екен. «Біз молекулярлық деңгейде қартаю процесін қалай бастан кешетініне байланысты нақты заңдылықты байқадық. Айырмашылығы айтарлықтай үлкен: адамның қалай қартайғаны емес, қандай жылдамдықта қартаятыны толғандырады»,- деп жазды аталмыш зерттеу жетекшісі Майкл Снайдер. Жоғарыда айтылған қартаю түрлеріне қарап, организмнің қай аумағы шапшаң қартаятынын анықтауға болады. Осыны білгендер өмір сүру салтын өзгерту арқылы қартаю процесін біршама баяулата алады. Мәселен, метаболилік қартаюда – тағам рационын өзгертіп, артық салмақтан арылуға әрекет жасауы керек, ал нефрологиялық түрінде – бүйрек қызметін жақсартуға күш салуы тиіс. Ғалымдар көз жеткізгендей, тәжірибеге қатысқандардың қартаю маркері әлдеқайда көрер көзге байқалғанымен олардың қартаюы баяу жүрген. Олар бұған өздерінің денсаулығына қарап, жат әдеттерден бойын аулақ салуы себеп болған.

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:

«Адам ұрық боп жатырға түскен сәтінен бастап қартая бастайды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/adam-uryq-bop-jatyrga-tusken-satinen-bastap-qartaya-bastaidy-12922/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат